Ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді.
жеке
блог

Ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді.

Ауыл сырты. Жаздың әсем кештерінің бірі еді.Өмірдің күйбелең тіршілігінен немесе сана түйсігімде тарамдалған ой жиегі өз жауабын таппай адасқанда қайнаған ауыл өмірінен сәл аластап, сондай көріністерді сырт көзден бақылайтын мың. Сондай сәт бүгін туған секілді. Кең даланы шарлап кеп маңдайға ұрған жел лебі айналаны қызылтым түске бояған күн ұясының әсем көрінісімен сөзсіз үйлесе кетті. Күнделікті жерді қимай-қимай қоштасуға әзірленетін күн бүгіндері тіптен қасарысқандай батуы баяуланды. Құдды бір туған жердің ыстық алақаны тұла бойымды шарпып, тербеп өткендей күйге ендім. Ауыл үйлерінің маңындағы аядай ғана ошақтан күллі аспан әлеміне тараған түтіндер сырт көзге дәл бір суретшінің қайталанбас суретіндей көрінеді. Тіпті Ақтөс пен Тарланның бір-бірін қуалай үрісіп тілдескендегі дауыстары ауыл ішінде ғана емес сыртында да жаңғырып, дәл қасыңда тұрғандай күй кешесің. Отырған жерім ауылдан қатты шалғай болмағандықтан тұрғындардың немен шұғылданып жатқандығынан толықтай хабардармын десем де болады. Оған дәлел әне,анау жерде қанша жөндеседе салдырлап бұзыла беретін темір тұлпары бар Қайрбек ағам, тағы да бұзылған мәшинесін жасаумен әлек. Десек те, қанша жерден ескі болғанымен ауыл жұртының арасындағы астында көлігі бар бірден бір жан осы - Қайрбек аға еді. Шыны керек, осы ауыл жұртына қызмет етіп жүргендігі болмаса ескіретін жөні жоқ-ау темір жанының. Ауылдың қыз-келіншегін қалаға тасып, жолдастардың өтініш сәлемдемелерімен әлек болып жүргеніне биыл жиырма бес жылдай болыпты. Өзінің айтуынша бұл көлікті ең алғаш алғанында аузының суы құрыған ел-жұрт көрімдігін аямай берісіпті. Сонда ағекем қуаныш үстінде: ,,Бұл темір құрығанынша жайпақ жұртқа қызмет ететін болады", - деп сертесскен деседі. Міне содан бері ол уәдені еш бұзған емес. Ол кісінің бақшасымен бақшалалас кең қабырғалы, қақпасы су жаңа орыққан үй менің ұстазым-Бану апайдікі. Әдетте мектеп киімімен көретінім болмаса, қарапайым киіммен жүргенің көрген емеспін. А-а-а! жоқ, есіме түсті, бір күні дүкенге асығып шыққан болуы керек, әдеттегі қалпынан өзгеше қарапайым ауыл әйелдері секілді шалбар мен жемпір киінген, келбетінде бұрынғыдай қаталдық байқалмаған күйі дүкеншіден тәтті бәліш сұрап тұр екен. Сол мезетте менің де сол бәлішті алмасым бар ма, апайымды танымастан амандаспай, дүкеншімен есептесіп кете беріппін. Бастапқыда реңі өте таныс көрінді. Алайда, сосын "адамдар бір-біріне ұқсас болып келеді емес пе"-деген ақталу ойы келіп қорқыныш сезімін су бүріккендей. сейілткен еді. Сол күнгі қарапайым келіншек деп дөрекілік көрсеткен адамым, дәл өзімнің "Әмір, тақтаға шығып сабақ айт!" - дейтін ұстазым екенін білгенімде ұяттан жерге кірердей болдым. Бір жағынан ол кісінің орнында басқа адам болған күннің өзінде сыйластық пен ізеттік адам талғамайтындығын естен шығарғанымды түсіндім. Содан бері көшеде кездескен адамнан көмегімді аямайтын болдым.
Ал енді сол Бану апайымның көшесі мен тік жүріп оңға бұрылғандағы жол жиегіндегі үшінші үй, ой... бір... екі... үш... иә дәл өзі үшінші үйде жасы тоқсанда еңсерген соғыс ардагері тұрады. Әр жыл сайын ардагерлерді ардақтау кештерінде мектептің асыға күтетін қадірлі қонақтарының бірі Шыңғыс ата болса, енді бір қадірлісі манағы айтқан үйді мекендейтін - Александр атамыз. Иә,байқағандарыңыздай ұлты-орыс. Дегенмен "бұл өзге ұлт өкілі және бізге руалалық ешқандай байланысы жоқ" - деген сөздер ардагер тарапына ешқашан ешқандай қазақ жұртының аузынан айтылған емес. Себебі, Отанға деген шексіз сүйіспеншілік ұлтқа бөлінбейді және бұл әлемде жаман деген халық жоқ, бәрі тең дәрежелі әрі сол ұлттық ұғымды даралайтын тек адамдар ғана, -деп Алпысбек атам айтып отыратын. Тіпті Александр атаға өзінің адамгершілігі мен қаһармандығының құрметіне ауылдың үлкен кішілері болып Батыр ата деп ат қойған болатынбыз. Ұлтының орыс болғанымен жүрегінде қазақтарға деген махаббатты ұялата білген, сөйлегенде де қалалық қазақтардың өзін басып озар дерсің, өңі де қазақтың біте қайнасқан ауылыңың өміріне сіңісіп қарғыш тартқан. Барша көше балаларын жиып алып өмірдің қатқылтым тұстарында кетпендей мықты болуға баулитын тәлімдерін өзімен елу жыл отасқан жары-Жібек әжейдің ыстық-ыстық бауырсақ, шәйімен тыңдау недеген керемет десеңші.
-Туған елге деген адалдық ең әуелі ой-санада құрылып,тұла бойда өркениет жаяды-деп Батыр атамыз сөзін аяқтап еді,жанымдағы Бекарыс алқынып кетіп:
-Бағанадан бері отаншылдық төңірегінде ой қозғадық, ал енді Отан қорғау дегеніміз не? - деген сауалмен сөзін тәмамдап еді. Жымиулы көзқарасымен бәрімізді бір шолып өтті де,ойланбастан:
- Отаныңа деген шексіз махаббатыңды білдіріп,оны сыртқы күштен қорғау үшін міндетті түрде қолға қару алып, үстіңе сауыт киіп қан төгісу қажет емес. Қолыңнан келгенше еліңнің, тіліңнің,тұғырыңның берік қалануына үлес қоса отырып, оның бөлшегіне айнал, - деп әр сөзін шегелеп қысқа қайырды. Сол күнгі сөздері әлі күнге дейін құлағымда жаңғырулы. Жастары тұтас ғасыр ширегін құрағанымен, күш-жігерлері еш сарқылмағандығы әр кездекенімізде анық байқалатын.Әрі қарай екі көше төмен түссең біздің мектептің қарасы да көзге ілгеді.Айналасында өткен жылдары өз қолымызбен отырғызған шырша, қайың ағаштарының діңгектегі беки түскен қалпымен қаз қатар тізіліп, қыздар еккен әсем гүлдермен мүлдем ерекше көрініске айналады. Өмірімнің тоғыз жылы сегіз айын өткізген ғимаратта әкем де тәлім алған көрінеді. Содан болар әр кез жиналысыма келгенде өзінің балалық шағы көз алдына сағым елесіндей ілігіп бала Әзімді оятқандай болады екен. Әкемді қынжылтатыны тек мектеп қабырғасының жылдар өткен сайын сөгілуге айналғандығы. Оған себеп:Сан мыңдаған білімгерлер аса құнды білім нәрімен сусындап оған себепкер болған "қасиет" сөзімен синонимдес санасы биік ұстаздар еңбек еткен бұл мекеннің негізі қаланғанына биыл алпыс жеті жыл. Әрине, қалалық заманауи әрі жаңа технологиялармен жаңартылған мектептердің жанында тарихы әлдеқайда тереңге бойлаған және білім ошағымыздың көркейгенін біз де қалаймыз. Анам - Ажар әдебиет пәнінің мұғалімі болғандықтан оқу ошағыма байланысты туындайтын әңгімелер болса, бастан аяқ болмасын алғашқылардың бірі болып өзім еститінмін. Әрқашан жылы жүзімен оралатын анам бірде үй есігін жабырқаулы жанарымен еңсесі басыңқы күйі табалдырықтан аттады. Ана жанарына ұялаған мұң күші мені өзімен тілдесуге шақырғандай аяғымды алшаң бастырып, ана алдына әкелді. Көңіліңіз неге алаңдаулы дегендей сыңай таныттым. Сабырлықпен маңдайымнан сыйпап сырт киімн сөреге іле бастады. Қолыңдағы кітап толған қою қара сөмкесін лезде қолынан алып жатын бөлмеге жайғастырып келдім. Мені күтіп тұрған анам : ,, Қайраң ауылым!.. ", - деп бір күрсінді де -,, Сан ғасырлық тарих шежіресін қойнауыңа сақтап адам атаулыға пана болғандағы жазығың не?! Мерзімі өткен заттай қылып безінгеніміз қалай" - деп сөз аяғын жанарынан сырғыған ыстық жаспен аяқтады. Жасқа толы жанарын бір сәт маған қаратып, бүгін Алматыдан келген мамандармен оқу жөнінде маңызды жиын жасағанын айтты. Жиналыс өз мәресіне жеткенде бәрі қоштасуға қамданғанда кішігірім пікірталас өтіпті . Сол жиында қаладан келіп бас қосқан мамандар мен жергілікті ұстаздар арасында әңгіме қызу өрбісе керек. Кенет ауыл жайында сөз қозғалып қалалықтар біздің мекеннің сырт бейнесіне, әлеуметтік жағдайына және ауыл ішіндегі ғимараттардың келбетіне қараса жаны ашитынын білдіріп сөзбен тұйреп жібергендей болады. Сонда жанындағы әріптестері : ,, Расында... XXI ғасырмен салыстырғанда Қазақстанның дамуына осындай заман ағымына ілесе алмай келетін жерлер басты кедергі", - деп зілді мысқылмен өздерінің алғашқы Отандарын қалай қорлағанын аңғармстан. Аздаған уақытқа соғылған әңгімеден соң қос тарап тарқаспақ қа ниеттеніп мектеп қақпасына беттеді. Міне... манағы айтылған сөздердің барлығы алқымнан алғандай буындырып кеп жүрекке ауыр соққы береді. Сол соққыны жан тәнімен тұла бойына дарытып отырған ана жаны Жер Ана үнімен тілдескендей еді. Сол бір әсем үндесудің куәгері бола отырып, көңіліме бір өксік тығылды. Оны сезген бойда есік жаққа ұмтылып, дала құшағына ене жөнелдім.
[28.03, 14:22] Ayazhan: Одан әрі өткен жазда атамның өзіне жетпесе де зейнетақысынан жинап алып берген велосипедімен осы жерге асыға беттедім. Көзден тамған жас тамшылары жел әсерімен бірінен соң бірі қалықтап, жер жүзіне сіңіп жатты. Қызба көңілмен ауыл сыртынан қалай жетіп қалғанымды да еш аңғармаппын. Дереу тежегішті жердің жасыл мамығына тіреп тоқтаттым. Енді өзгелердің неліктен ауыл мен ауыл адамдарын жатсынатындығын ұғуға тырсым. Өздеріңізге баяндағанымдай бұл жердегі әрбір тұрғынның өзара біте қайнасқан тіршілігі нәзік сыйластыққа құрылып, одан әрі берік бола түсуде. Алайда, бір өкініштісі жыл өткен сайын ауыл өмірі қалаға көшіп жатқан бауырларымыздың әрекетінен жапырағынан айрылған бәйтеректей күн кешуде. Бірде ойыма тағы бір сауал келді. Егер ауылға қаладан кем түспейтіндей мүмкіндіктер жасалса, қираған ғимараттардың орнына көз тартар әсем үйлер, талай бала табанын тоздырған жолдар жамалса, шіркін. Осы уақытқа дейін әкемнің болашақта кім боласың деген сұрағына жауап беруге қиналатынмын. Ал ендігі кезекте Жандос, Азамат ағалар секілді ауылға адал қызмет етіп, көркейтетін ел ұраны болуға бекіндім. Отаныма іске жарған күнім менің өмірімдегі бағындырған ең биік шыңым