Павлодарда сарбаздар бір күнде екі алаяқты қолға түсірді

Павлодарда сарбаздар бір күнде екі алаяқты қолға түсірді
жеке
блог

Павлодардағы  Бұхар-жырау көшесі бойында патрульдік қызмет атқару барысында белгісіз біреу Ұлттық ұлан сақшыларын көре сала бірден жалт бұрылып, тұра қашқан.
Күдіктінің бұл әрекетін байқап қалған сарбаздар оны тез арада ұстап алып, жергілікті  полицияның учаскелік пунктіне жеткізеді.
Ұсталған тұрғын жеке мәліметін тексеру барысында оның ҚР ҚК 190 бабының 1 тармағы бойынша  1 млн 197768 теңге көлемінде ақша жымқырып, «Алаяқтығы» үшін іздеуде жүргені анықталды.
Дәл осы уақыт аралығында К. есімді ер адамнан  оның танысы 25 мың тенге ақшасын алдап әкеткенін айтып арызданады. 5512 әскери бөлімінің тәртіп сақшылары Нұрмағамбетов көшесі бойындағы автобекет аумағын  патрульдеу барысында  жан-жағына жалтақтап  келе жатқан белгісіз біреу сарбаздарды көре сала жүрісін жылдамдатып, тез арада ізін суытпақ болады. Сақшылар күдіктіні құрықтап, полицияның учаскелік пунктіне жеткізді.
Ұсталған адамның жеке мәліметін анықтау барысында жоғарыда түскен арызға қатысы бары анықталып, кінәсін мойындады.
 
Бағдат Амангелді,
«Шығыс»өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі бастығы.