«Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтің роман-эпопеясы Ақпарат дереккөзі:
блог
Лесбай Нұрым Масатұлы Әл-Фараби атындағы ҚазақҰлттық Университеті
www.kaznu.kz Дінтану мамандығының студенті.
Жетекшісі ҚазҰУ ,аға оқытушысы Тунгатова Ұ.А.
Адам баласына қойылатын ең басты талап – адамгершілік қасиеттерді бойына дарытқан, халқыңның адал азаматы болу. Ал адамгершіліктің алтын діңгегі-рухани тәрбие. Абайдың "Ақын болу шарт емес, азамат болу парызың"-деуі осының айғағы. Абай сегізінші қарасөзінде: "Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?" деген азаматтық сауал тастайды. "Бізді не қыласың, ана сөзді ұғарлықтарға айт!"-дейтін адамгершілікке жат пиғылды "Өзі де ермей, өзгені де ерітпейтін" адамзат баласына қас жауын әшкерелеп, адами жолды нұсқайды. Адам баласы үшін Абай салған жолмен жүру аса маңызды. Бүгінгі жаһандану заманындағы сәт сайынғы өзгеріс әлемдік деңгейде осыны дәлелдеп отыр.
"Абай жолы" қандай жол?" - деген заңды сауал туады. Абайтанушы ғалымдар "Абай жолы-ғылыми ислам жолы" дейді. Ендеше осыны шама-шарқымызша таратып көрелік. Ислам ғылымында адамға білім алу үшін үш түрлі кеңес айтылады. Яғни үш өлшемі көрсетіледі. Отыз сегізінші сөзінде Абайдың: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек... "-деуі соның негізінде.
Біріншісі, білім алуда еріншектік танытпау. Абай "Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады", "... Әрбір жалқау кісі – қорқақ... надан, арсыз келеді" дейді. Шығыс ғұламадары білім алу жолында сен өз болмысыңның бір бөлігін беретін болсаң, онда білім саған ешнәрсе де бермейді. Ал егер сен болмысыңмен берілсең, білім саған бір бөлігін береді дейді. Алланың "адамға аз білім берілген" дегені соның дәлелі. "Аланың ақылы шексіз, адамның ақылы шектеулі" дегендегі Абайдың ойы осы болса керек. Екінші, төзімді, сабырлы болу. Абай "Сабырсыз, арсыз, ерінішек...", "Асығыс түбі өкініш, ойланып алмақ сабыр сол"-дейді. Қазақ даналығы "Сабыр түбі- сары алтын", "Әр істің қайыры бар", "Сабырлы жетер мұратқа" демей ма?!Үшінші, тәкәппар болмай, кішіпейіл болу. Абай: "Менімен сен тең бе деп мақтанасың,Білімсіздік белгісі-ол баяғы"- дейді. Тәкәппарлық-өзіңді өзгеден биік санау. Басқаны көзге ілмей, өзіңді зор, өзгені қор тұту. Пайғамбарымыз" Тәкаппарлықтан сақ болыңдар! Расында Ібіліс Адамға тәкаппарлықтан сәжде қылмаған болатын",- дейді. Расында да, Құранда: "Жер бетінде алшаң басып жүрме, расында, сен жерді тесе де алмайсың, биік таулармен де теңесе алмайсың" делінген. Халықтың "Тәкаппар тұрысынан танылады" деуі бекер емес.
Кішіпейілділік – адам бойындағы ізгі, асыл қасиеттердің бірі. Ол өзін өзгеден төмен санауы емес, керісінше өзгеге деген құрмет. Кішіпейілділі-кісіліктің белгісі.Кішіпейілділік – кісіліктің белгісі. Халықтың "Кішіпейілділік — данадан","Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік", "Ұлық болсаң, кішік бол", "Кең болсаң, кем болмайсың" деп тұжырымдауы бекер емес. Абай "Жасанды кішіпейілділік жақсы қасиет емес"," Кішіпейілдің абыройы асады,Тәкәппардың құты қашады" деп айтуы содан болса керек.Абай" Үш - ақ нәрсе адамның жақсы қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек" дейді. Адам бойындағы осы үш қасиеттің басын қосып, адамшылық жолында ізгі күшке айналдыратын ғылым деген тұжырымға келеді. Күллі адам баласын қор қылатын надандықтан, еріншектіктен, зұлымдықтан аулақ болуы шарт.Абайдың пікірі бойынша адамгершілік нормалары мен принциптерін күнделікті өмір сүру тәсіліне айналдырған адамды ғана нағыз адам деп есептеуге болады.