Отандық футболдың дамуы мен проблемалары

Отандық футболдың дамуы мен проблемалары
жеке
блог

   Футбол - әлемдегі спорт нөмері бір. Қазақстан үшін де футбол маңызды, қызықты және эмоцияға толы ойындардың бірі. Cоған байланысты 1992 жылы еліміздегі футболды дамыту үшін Қазақстан Футбол Федерациясы құрылды. Алайда 30 жылдық мерзімінде Федерация халықаралық аренада ещқандай тұрақты жүйе мен нәтижелер көрсетпеді. Алдынғы кезекте тұрған Испания, Англия, Франция, Италия және Германия сияқты Еуропа елдерінің футболға арналған жүйесі мен деңгейін салыстырсақ, Отандық футболдың дамымауына 3 негізігі факторды байқауға болады.

  1.   Клубтардың экономикасы мен  инфрақұрылымы. Біздің бас лиганың көптеген командаларында футболдың дамуына жол ашатын идея мен ұзақ мерзімді стратегия жоқ, сондықтан көптеген клубтар алға-артқа ешқандай мақсатсыз, белгілі бір жоспарсыз жүреді.  Олардың басты мақсаты тек премьер-лигада қалу. Мысалға алатын болсақ соңғы 10 жылда футболдан Қазақстаннның Премьер Лигасында ойнаған «Жетісу-Сұнқар», «Спартак», «Восток», «Алтай», «Иртыш» клубтары қаржылық проблемасы үшін таратылып жабылды. Онымен қоса vesti.kz, sporsts.kz-тың соңғы хабарламалары бойынша «Ордабасы» клубы да қаржы жағынан проблемасы үшін жабылу мүмкін. Бұл жайлы футболдан белгілі қазақстандық сарапшы Болат Есмағамбетов vesti.kz-ке берген сұхбатында: "Қазір біз айтып отырғанымыздай, "Ордабасы" командасы "Ертістің" тағдырын күтуде. Менің болжамым бойынша, мұндай қарыздарды ешкім төлемейді және клуб банкротыққа ұшырайды" – деп айтқан болатын. Мұның себебі басшылықтың тез өзгеруі және ұзақ мерзімді тұрақтылықтың болмауы. Әрбір жаңа басшы клубтың өмірін басқаша көреді. Біздің еліміздегі клубтағы басшылықтың үнемі өзгеруі команданың нәтижелерінеде байланысты. Тәжірибе көрсетіп тұрғандай - бұл дұрыс емес тәсіл. Ішкі экономиканың дұрыс қарастырылмауы клубтардың инфрақұрылымына да әсерін береді. Яғни, инфрақұрылым дегенде, олар: жаңа стандарттарға сай стадиондар, балаларға арналған академия, қысқы дайындыққа арналған манеждар мен спорттық базалар. Елмізіде инфрақұрылымы жоғары клубтар тек «Қайрат» пен «Астана»-да ғана, бірақ басқа клубтармен салыстырғанда  оларға бюджеттен ақша көбірек бөлінеді. Vesti.kz-тың хабарлауы бойынша 2021 жылда Фк «Астана» клубының бюджеті 5 млрд. теңге, ал «Ақжайық»-тың бюджеті 960 млн. теңге құрайды. Осыған орай футболға жаңа көрермендердің келуіне кедергі болады, сонымен қатар бұрыннан келетін футбол жанкүйелерінің қызығушылығын да азайтады. Оған дәлел Prosports.kz-тың берілген статистикасы бойынша КПЛ-дың ойындарына орташа есеппен 3329 адам барады.  Бұл нәтижені Ресейдің Премьер Лигасымен салыстырғанда 5 есе аз (16817 адам).
  2.   Жоғары жалақы және легионерлер лимиті. Біздің барлық клубтарға айтып кеткендей мемлекеттік бюджеттен ақша бөлінеді және сол себепті ойыншыларға берілетін жалақысы ойға сыймайды. Kursiv.kz-тың хабарлауы бойынша КПЛ ойыншысының жылдық орташа жалақысы 133 мың евро немесе айына 11 мың евро құрайды. Салыстыра айтарлық, Криштиану Роналду Лиссабондағы "Спортингте" жалақысы айына 2000 евро болды. Біздің лиганың бәсекеге қабілеттілік деңгейі және премьер-лигада тек 14 команда бар екенін ескере отырып, Қазақстан Премьер-лигасы 2019 жылы футболшылардың жалақысына 80 млн еуро жұмсады. Бұл клубтардың жалпы бюджетінің 72% құрайды. Орташа алғанда, КПЛ клубтарындағы ойыншылардың жалақысы жылына 6,7 миллион еуроны құрайды. Соған байланысты "Қайрат" ФК бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев vesti.kz-ке берген сұхбатында: "Бізде алты легионер ойнауға рұқсат етілген. Бұл өте көп. Біз зейнетке шығатын шетелдіктерді дайындаймыз ба? Түсінесіз бе, мен ешкімді ренжіткім келмейді. Алайда легионерлер көп, бірақ мен біздің ойыншылардың деңгейі айтарлықтай көтерілгенін көрмеймін. Екінші жағынан, біз жас қазақстандық ойыншыларға мүмкіндік бермейміз. Бізде үлкен потенциал бар, бірақ оны дұрыс бағыттау керек. Легионерді шақырудан гөрі жоғары деңгейлі ойыншыңызды өсіру арзанырақ. Клубтар мұны қаламайды. Неліктен қазақстандық ойыншылардың ешқайсысы шетелдік чемпионаттарда ойнамайды? Балтық жағалауы елдерінен және ТМД-ның басқа елдерінен футболшылар неге бізге келуге тырысады? Өйткені, бізде жалақы өте жоғары"- деп ойымен бөліскен болатын.
  3.    Әлсіз маркетинг пен менеджмент. КПЛ-дағы 14 клубтың 5-інде  оларды қолдайтын титулдық демеушілері жоқ және онымен қоса сауатты басқару мен жарнама арқалы клубты маркетинг бағытта жүргізу процесстері көрінбейді. Goal.kz порталының жүргізген зерттеуі бойынша КПЛ клубтарының 70-80% медиа саласына көп көңіл бөлмейді, ал кейбір клубтарда PR менеджер, маркетолог пен бренд-менеджер сияқты мамандарда жоқ. Қазіргі уақытта чемпионатқа дайындық барысында КПЛ клубтарының арасында ең көп және сапалы контент жасаған «Астана», «Тараз», «Атырау» клубы. Ал «Ақжайық», «Қызылжар», «Каспий», «Кайрат» клубы ешқандай креатив пен белсенділік танытпаған клубтар. Ғаламторда немесе теледидарда түрлі шоулар, бағдарламар, айдарлар немесе тіпті фан-шоп секілді құрылымдар клубтың медиа бағытында дамытып, танымалдылығын артып, жаңа аудитория әкелетінің ұмытпауы керек. Сондықтанда бұл фактор жалпы футболдың, клубтың дамуына қатысатын бірден-бір маңызды әлементтердің бірі.

   Қорытындылай келе, бұл проблемалар бір-бірімен байланысты екенін аңғаруға болады және оларды бірте-бірте шешкенде еліміздегі футбол деңгейі жоғарылап, бәсекелестік пайда болып, отандық футболымыз бүкіл әлемге қызығушылық танытатыныны сөзсіз.