ҚазҰУ-ға шақырамын!

ҚазҰУ-ға шақырамын!
жеке
блог

Эх,шіркін зымырап жатқан уақыт десейші..Күні кеше мектепті бітіріп,арман қуып Алматыға келіп едік.Қандай оқу орнына тапсырамын,болашақта кім боламын деген ойда жүрген кездер ай...

Кімнің болсада Алматыдағы оқу орнына түсу арманы.Ал Әл-Фараби атындағы ҚазақҰлттықУниверситеті екінің бірінің қолынан келмейтін,миллиондаған жастың арманы.Бізге сол бақытты сездіргенің үшін рахмет саған @kaznu_farabi .Жолдасбековке,қабылдау комиссиясына келген кезім әлі есімде.@kaznu_farabi  мен ойлағаннанда үлкен болып шықты.

Сонымен мен КазНУды,КазНУ мені таңдады.Қыркүйекте алғашқы келген кезім әлі есімде..Философия және Саясаттану факультеті...Дінтану мамандығы.Куратор-Қаңтарбаева Жанна апай.Группаластарым менің алтындарым.Мен бұл мамандыққа түскеніме қуанамын!Осындай мүмкіндік бергендеріңізге рахмет @kaznu_farabi.Көбісінің сұрағаны дінтану деген не??не істейсіңдер сонда деп??Кейде өзімде ойға кетем кім болам бітірген соң?Бұл мамандықты былай түсіндірсек.

Имам емеспіз,молда(емші,тәуіп болмаймыз) сақал өсіріп, балақ қысқартпаймыз,шіркеу,буддада емес.

Дін адам пайда болғалы бар.Адамды Алла жаратқан ол хақ және оларға дінді берген.Бірақ ол дінді дұрыс қолданып түсінетіндерде бар,түсінбейтіндерде бар.Еліміз зайырлы мемлекет болған себепті олардың арасындағы кикілжіңнің болмауы,басқада діни жат ағымдардың белең алуына жол бермеу керек.Шет ел асып соғысқа кетіп қалмауын қадағалау керек.

Осындай жауапты істі дінтанушылар істемгенде кім істейді айтыңыздаршы.

Мен қазір Қазақ Ұлттық Университетінің,дінтану мамандығы бойынша білім алып жатқан 4 курс студенті Мәліков Наурызбай боламын.Менде жаңа қазақстанды құруда өз еңбегімнің,көмегімнің тигенін қалаймын.Және оны атқарамын.Бұл мен үшін жәй ғана іс немесе тапсырма емес,кешегі Әлиханмен Ахметтердің,Ыбырай мен Сәкендердің алдындағы борышымның сәлде болса атқарылғаны болмас па еді? 

Менің қолымнан не келеді деп қарап отырмаймын.Мемлекеттің студенттерді тегін білім беріп қана қоймай,шәкірт ақымен қамтамасыз ететінін ойласам бүгінгі күнімізге,барша студенттердің атынан алғыс айтар едім.Және артылған үмітті ақтау үшін сапалы білім алып,жақсы маман болуға тырысып жатырмыз.Бұл жолда үлкен мүмкіндіктер ордасы болған менің университетім Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне мыңда бір алғыс.Білім беру саласында қандай салада болмасын үздік ғалымдармен шәкірттерін даярлап шығарады.

Соңғы оқу жылына да қадам басқалы жатырмын.Бір жылда диплом алып,осы университеттің қабырғасынан магистрлық диплом алсам дегенде мақсатым бар.Ол уақыт келгенше қолымнан келетін істі жасағанды жөн көремін.Сол себепті мен өзімнің артымнан ерген іні қарындастарымды,мектеп бітіруші түлектерді өзімнің білім алған алтын ұям Қазақ Ұлттық Университетіне шақырғым келіп отыр.Университеттің деңгейімен дәрежесі ұлттық,мемлекеттік емес әлемдік дәрежеде екенін мақтанышпен айта аламын.Мамандарды даярлауда білікті ұстаздармен қатар профессорларда өз білгенімен бөліседі.Ғылымның кез келген саласына дем қойған жастарға мол мүмкіндік.Физика,IT,Биология мен Философия,Филология мен Экономика,Математика мен Химия, керек десеңіз журналистика мамандарында даярлауға әзір.Білім ошағының жеке студенттік сарайы мен қатар Әл Фараби атамыздың атына берілген үлкен кітапханасыда бар.Кітаптарды жатақханадан шықпай ақ,онлайн түрде оқып білім нәрімен сусындауыңызға болады.Бір маусымда 25мыңға жуық шәкіртті өз құшағына сыйдырған ҚазҰУ қалашығы сіздің студенттік шағыңызды естен кетірмес естеліктерге бөлейді!

Сөз соңында өз мамандығым жайлыда айтып өтсем деймін.Дінтанушы.Ия дінтанушы мамандығы.Бұл мамандық несімен қызықты дейтін жандар болса менің сөздерімді назар салып оқысаңыздар деймін.Дінтану бұл Қазақстандағы жаңа салалардың бірі.Және дамушы сұранысқа ие болашақтағы топ 20 мамандықтар қатарында.Физика математика химиядағы секілді формулалармен шектеліп,нәтиже күтетін салалардан емес.Әр дайым ізденісті,ынта мен жігерді талап ететін сала.Діннің шығу тарихы мен құлшылықтарын,географиялық орнына байланысты діндердің жіктелуін,сіз естімеген наным сенімдердің бар екенін естіп білесіз.Өз ата бабаңыз ұстанған дінді жіті зерттеп,рухани кемелденуіңізге үлкен септігін тигізеді.Араб тілін үйреніп жазып,сөйлеп,Құран аяттарын түр нұсқада оқи алатын боласыз.Зерттелмеген тақырыптар өте көп.Солардың бірін қолға алып,білек сыбана кірісер болсаңыз,дінтанушы-зерттеуші,және жаңа кітаптың авторы болып кетеріңізге мен кеплідік беремін.

Оқу аяқтап жұмыссыз қаламын деген ой сізді мазаламайды.Жергілікті Әкімшіліктің Ішкі Саясат бөлімдері,мектеп мұғалімі,Халал сертификаттары орындарында,Құзырлы органдарда жұмыс жасау мүмкіндігі сізге бұйырады.

Мен қазіргі таңда Алматы қаласының Экстремизм мен тероризмге қарсы басқармасында пратикадан өтудемін.Бөлім басшылары оқуымды тәмамдаған соң осы жерде жұмысқа қалуыма болатынын айтып,ұсыныс жасауда.Біздің университетпен бұл мекеме тығыз әріптестік байланыс орнатып отырған жайы бар.Мен ҚазҰУ ды таңдағаным үшін қуаныштымын.Сізде бұл үлкен білім ордасының шәкірті болыңыз жас түлек!

Жетекші:Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеттінің PHD докторы,аға оқытушысы-Әлтаева Нұрсұлу

Мәліков Наурызбай Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті www.kaznu.kz дінтану мамандығының студенті.