Жастарға жол ашқан Қазақ ұлттық университеті
жеке
блог

Жастарға жол ашқан Қазақ ұлттық университеті

Мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде 3 курс студентімін. Мектеп кезінде тіл оқуды сүйіп өскен мен, ары қарай оқу жолын қытай тілімен жалғастырамын деген шешімге келдім.Сонымен, сол көптен күткен күн де келді. Емтихан тапсырып, жақсы ұпай жинағаннан кейінмен өзімді қай оқу орнынан көргім келетіні туралы бас ауырта бастадым. Көптеген оқу орындарынын ішінен мен армандаған мамандықты және білім сапасын салыстыра келе, менің таңдауым ҚазҰу -не түсті, айта кеті керек, бұл ешеіміме ешқашан өкінген емеспін. ҚазҰу маған мүмкіндіктер, сапалы білім, достар мен жаңа таныстықтарды берді. Солай уақыт өте  ҚазҰу маған менің бала кезімнен армандаған мүмкіндікті берді. Бұл мүмкіндік мен үшін жаңа өмірдің бастамасы секілді болды. Маған Қытай бір семестр көлемінде Қытайда білім алуға мүмкіндік берілді. Ата-анаммен ақылдасып, құжаттарыммен мен чемоданымды қолыма ұстап мен Қытайға аттандым. Жолымда болған қиындықтарға қарамастан, арман мен мақсат жолында бар күшімді жинап, сол мемлекетте білім алуға тырыстым. Қытай менде тек керемет естеліктер қалдырды. Мен Бейжің қаласына ғашық болдым десем, артық айтқаным емес. Қытай халқының мәдениеті, салт-дәстүрі, ғылым техникасы, адамдары мен жалпы атмосфера мені тәнті етті. Бейжің шет тілдер университетінен менің алған біліммім мен естеліктерім менімен мәңгілікке қалатынына сенімім мол. Ол қаладан менің тапқан шетелдің және жерлес достарымды еске алмау үлкен қателік болар еді. Қала тіршелігі мен сабақтан шаршаған уақыттарда, қаланың көркем жерлерін аралап, жақсы уақыт өткіздік. Соның арқасында, қытай мәдениетіне бір қадам жақындап, қытац тіліне деген қызығушылығымыз да арта түсті. Осындай, керемет мүмкіндікті маған сыйлаған жетекшілерім мен оқу орнына айтатын мен алғысым шексіз. Мен секілді өз болашағынан үлкен үміт күтетін жастарды, ҚазҰу әрқашан қолдайтынына менің сенімім мол. Сондықтан, әр жас ұрпаққа тек ерінбей, арман мақсаттарына қол жеткізу үшін еңбек етуге кеңес беремін.