ҚазҰУ - Бағдарлы болашақтың бастауы

ҚазҰУ - Бағдарлы болашақтың бастауы
жеке
блог

1934 жылы еліміздің ең алдыңғы қатарлы университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің іргетасы қаланды. Біздің еліміздің жоғарғы оқу орындарының арасында, сонымен қатар, мемлекет аралық рейтинг бойынша өз беделі бар оқу орыны. Осы, аталған университеттің қай факультетін алсада, жоғары білімді де, білікті мамандар дайындалатына менің көзім жетті.

Қала ішіндегі «Казгуград» қалашығы деп аталып кеткен құтты мекенде студенттердің білім алуына барлық мүмкіндік жасалған. Ө.Жолдасбеков атындағы 1600 орындық студенттер сарайы, ТМД елдеріндегі жалғыз үлкен ауқымды «әл-Фараби» кітапханасы, спорткешені мен стадион, жаңа ғимараттар, әскери кафедра, технопарк, 5000 студентке арналған студенттер үйі, медициналық орталық және студенттерге қызмет ету орталығы студенттер игілігі үшін қызмет жасап отыр.

Сондай-ақ, студенттердің көшбасшылық қабілеттерін, ұйымдастырушылық қасиеттерін дамыту мақсатында жастар ұйымдары комитеті жұмыс істейді. Оның құрамына «Сұңқар» студенттер кәсіподағы, студенттер Сенаты, «Көмек» еріктілер қозғалысы, студенттер кеңесі, Болон үдерісі бо­йынша студенттік бюро, студенттердің ғылыми қоғамы кіреді. Қазіргі уақытта университеттегі барлық мерекелік іс-шаралар тікелей аталған жастардың қатысуымен өтеді. Ерекше атап өту керек тағы бір жағдай, аталған жас­тар биылғы жылы дәстүрге айналған IV Халықаралық студенттер форумын ойдағыдай ұйымдастырды.

Ғылыммен айналысқысы келетін студенттер үшін де дәстүрлі түрде «Ғылым әлемі» сияқты конференция, форумдар ұйымдастырылып тұрады. Инновациялық жобаларға құштар, заман ағымынан қалмауға тырысатын студенттер үшін әр факультетте бизнес-инкубаторлар, университетте технопарк қызмет етеді.

Мен университеттің  жас түлектерге арналған «Ашық есік» күніне де келіп, оқу базасы және жалпы университет туралы толық мағлұматтар алдым.Студенттердің білім алуына жан жақты мүмкіндіктер жасалғанына көзім жетті. Сол күні мен керемет әсер алдым.
Сол күннен бастап мен тілді  игеруге қабілетінің басым болуына байланысты, мамандықты тандауда өз көзқарасымды өзгерттім. Мен содан кейін, осы  университеттің Шығыстану факультетін тандадым. Мектепті тәмамдап, мемлекеттік грант иегері болып, тандаған мамандық бойынша білім алудамын.
Аспан асты елінің тілін меңгеру арқылы, болашақта жақсы жетістікке жетуге мақсат қойдым. Нағыз өмірлік достарды осы жерден таптым. Ұмытылмас кештер мен сәттер осы университетте болды. Өмірдегі ең ыстық сезімдер мен пейілдер, сыйластық пен құрмет – барлығын осы ҚазҰУ-дан алғалы жатырмын.

ҚазҰУ – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен. Сыйластық пен шынайы достықтың мекені, ҚазҰУ – ғашықтардың мекені. ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен. Сол себепті де, мен өзімнің ҚазҰУ-да жүрген қазіргі өмірімді ең сәтті күндер деп санаймын.

Жетекшісі: Шарыпқазы Нүртәліп