КЕҢЕС (тестке дайындалушыларға)

КЕҢЕС (тестке дайындалушыларға)
жеке
блог

Мұны барлығы біледі, бірақ сонда да айтып кетуді жөн көрдім. Биылғы тесттің форматын білмедім, бірақ былтырғы өз дайындығымды биылғы түлектермен бөлісуді жөн көрдім.

1. ҚАЗАҚ ТІЛІ. Аса қиналған пәнім емес. Бірақ сөздердің байланысу түрлерінен көп шатасатынмын. Содан орыс тілімен байланыстырып, үйреніп алдым. Мысалы, меңгеру - септіктермен байланысуы, орыс тілінде - управление... деген сияқты. Негізінен ережелерді мысалдарымен жаттап алса болғаны. Айта кететін жайт, 2012 жылғы тестілеуде 10-11 сыныптардың бағдарламасы қосылған. Яғни, шешендік сөз өнерінің өкілдері, олардың еңбектері.

 

2. ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ. Ооооо, тесттегі тарихтан қиналғаным-ааайй!!! Пән бойынша 18 балл жинадым((( *Тарих бойынша 6-9сыныптар аралығындағы оқулықтарды түгел қопаруға кеңес беремін, себебі кез келген сөйлемді сұрақ ретінде ала салуы әбден мүмкін. 8 сыныпты бар ынтаңызбен оқыңыз!Тек қана мектеп оқулығымен дайындалыңыз! Қазақстан тарихы пәнінен ШЫҢ-кітаптың еш керегі жоқ.

 

3. МАТЕМАТИКА. Бұл пәнге байланысты кеңесім: фундаментіңіз жақсы қаланған болса, көп қиналмайсыз. Миыңызға ештеңе қонбайтын))болса, 5 сыныптан бастап дайындалыңыз ( бөлшектер, аралас бөлшектер, пайыз есептеу, үшбұрыш, төртбұрыштарға қатысты есептер). Себебі қай кезде де 1-2 балл сіздің тағдырыңызды шешеді. Стереометрия, туынды, алғашқы функция есептерінің аса қиын түгі жоқ. Тригонометрия формулаларын түгел жаттасаңыз өзіңізге жақсы. Айтпақшы, логикалық есептерді шешіп, жаттыға беріңіз. Былтыр маған келген логикалық есеп мынадай: 31000 саны қандай цифрмен аяқталады? Ал, есептеп көріңіз.)))

 

4. ОРЫС ТІЛІ.  Ережелерін жаттаңыз! БОЛДЫ!


5.  ТАҢДАУ ПӘНІ. Оқулықпен дайындалып, өзіңіз тестсұрақтарын жасап, сонымен дайындалыңыз(биология,география, әдебиет, тарих), жыл сайын шығып тұратын тестовиктермен де дайындалыңыз.

 

Уақытыңызды бос жібермеңіз. 45 минут дайындық, 5-10минут демалыс мен үшін ыңғайлы болған. Тек тест деп, күні бойы бөлмеде отыру да зиян. Үзілісте ән айтыңыз, гүлдерге су құйыңыз, жүгіріңіз, доп ойнаңыз, т.с.с. Қысқасы, ой еңбегін дене еңбегімен жиі ауыстырып отырыңыз. 

 

СІЗГЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІН! АЛЛА ЖАР БОЛСЫН! "АЛТЫН БЕЛГІҢІЗДІ" АҚТАП ШЫҒУЫҢЫЗҒА ТІЛЕКТЕСПІН!

 P.S. алдағы уақытта шпаргалкаларды қалай пайдалану туралы жазып қалуым да мүмкін...)))