Алға жетелеген нұрлы арман

Алға жетелеген нұрлы арман
жеке
блог

Қуаныш пен қайғыдан, жақсылық пен қыйындықтан қатар тұратын, Жаратушымыздың баға жетпес сый болып бізге берілген бұл өмірде, барлық нәрсе шыңайы ниетке байланысты екені айдан аңық. Өз басым ниет тазалығы – ізгілік бастауы екеніне сенімдімін. Армансыз адам болмайды, нұрлы арманың жүрегінің түкпірінде қастерлеп сақтап жүретін адамдардың бірі мен боламын. Сәби кезімде өнер жолын тандап, болашақ мамандығымды сыйлы де, соңымен қатар күрделі өнер жолымен байланыстыратынмын. Суретке, биге, домбыра курстарына қатысып, болашақта әнші немесе домбыра сабағынан ұстаз боламын деп ойлайтынмын. Өсе келе әртүрлі халық тілдеріне қызығушылық таныта бастадым, тілімен қоса басқа халық өкілдерінің салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, өзгеге ұқсамас бір ерекшеліктері мені қатты қызықтыратын. Туыстарым болса, менімен қалжындасып «иностранка» деп айтатын. 

 

Есейіп, болашақ мамандығымды таңдайтың маңызды миссияны да қолға алар сәт туды. Оқу орындарын зор жауапкершілікпен зерттей келе, таңдауым әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне түсті. Бұл оқу орны жайында бұрын да естіген болатынмын. Мамандығымның қытай тіліне байланысы болатынын нық сеніммен іштей тілеп, шынайы қалап жүретінмін. Жаратқанның рақымдылығымен, еңбек пен сенімнің қос жетелеуімен грант иегері атандым. Өмірімде болған кішігірім бір жеңіс болды мен үшін. Нұрлы арманымның ынталандыруымен студенттер қаласы, туып өскен өлкемнен 2206 км алыстығында орналасқан Алматы қаласына келіп жеттім. Туған өлкемді, ата-анамды сағынып, көңіл-күйім жабырқаулы болған сәттерде нұрлы арманға жету жолы оңай болмайтынын түйсегіме түйіп қойдым. Шынтуайтында, қасиетті қара шаңырығым – менің ҚазҰу-ым мен үшін қолданыш, кішігірім мотивация, алға жетелеуші жол көрсеткіш. Ілгеріде мойығаныммен, кейін үйренісіп қалғаным рас. Бүгінгі күні ҚазҰу-нің қатарындағы Шығыстану факультетінің белсенді студенттерінің бірімін. Көптеген іс-шараларға қатысып, оқу үдерісінен де еш қалмауға бар күш-жігерімді салып, атсалысып жүрмін. Таңдауыма еш өкінбеймін. Себебі, білім ордам қазақ халқына танылған, бүкіл әлемді мойындата білген, керемет кадрларды даярлап берген, беріп жатырда. 

 

Нұрлы арманымның жетелеуімен болашаққа нық қадаммен жол тартудамын. Тандауымның тұсында – шетел филологиясы мамандығы бойынша елім, жерім үшін орасан жетістікке жетіп, туып-өскен алтын ұямның дамуына өз үлесімді қосұға тырысамын. Тіл маманы ретінде, «өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте» ұстанымым бар. Кез келген мемлекеттің болашаққа сенімді қадам басуына кепіл бола алатын – оның ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға мирас болып жеткен ана тілі. Тәуелсіздіктің басты нышаны – қастерлеп сақталатын, құрметке лайық ана тілі. Сондықтан қазақ тілін – ана тілімді жетік біле отырып, қазіргі таңда әлемдік тіл қатарына жататын қытай тілін де жоғары дәрежеде меңгеріп шығуға тырысамын. 

 

Қытай мемлекетінің дінін, құқығын, әдебиетін, мәдениетін, әдет-ғұрпын толық және жан-жақты меңгеру менің мақсаттарымның бірі. Қытайтану кафедрасын түлектері қазіргі таңда еліміздің түрлі жоғары оқу орындарында, сыртқы істер министрлігінде, әртүрлі мемлекеттік жоғары сатыдағы қызметтерде, шетел компанияларында қызметтер атқаруда.

 

Әзірше, елімнің өркендеп, дамуына қосатын кішігірім ниетім осындай. Бағындырар белестер, жетер шындар әлі алда...

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының

оқытушысы Шәріпқазы Нұртәліп

4 курс студенті Мурзатаева Роза