Сүйікті оқу орным ҚазҰУ
жеке
блог

Сүйікті оқу орным ҚазҰУ

1934 жылы еліміздің ең алдыңғы қатарлы университеті, қарашаңырағымыз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің іргетасы қаланды. Бүгінгі күні университетімізде 20 000-ға жуық студент білім алады. Он үш факультеттен тұратын университетте үш мыңға жуық профессор-оқытушылар құрамы студенттерге білім беріп келеді.

Қала ішіндегі «Казгуград» қалашығы деп аталып кеткен құтты мекенде студенттердің білім алуына барлық мүмкіндік жасалған. Ө.Жолдасбеков атындағы 1600 орындық студенттер сарайы, ТМД елдеріндегі жалғыз үлкен ауқымды «әл-Фараби» кітапханасы, спорткешені мен стадион, жаңа ғимараттар, әскери кафедра, технопарк, 5000 студентке арналған студенттер үйі, медициналық орталық және студенттерге қызмет ету орталығы студенттер игілігі үшін қызмет жасап отыр.

Студенттер сарайында өнерлі студенттерге арналған студенттер клубы жұмыс атқарады. Студенттер клубының дарынды мүшелері талай байқаулардың жеңімпаздары. Соның бірі ретінде, «Бақыт» би ансамблін ерекше атап өтуге болады.
Шығыстану факультетінде 4 жыл білім алғаныма өте қатты қуанамын. Әсіресе қытай тілін үйретуде ұстаздардың қосқан еңбегі зор. Кафедраның мұғалімдері барынша тәжірибелеремен бөлісіп, бар білімдерімен бөлісті. Кураторымыз Шарыпқазы Нұртәліп ағайдың сіңірген еңбегі баршылық.
ҚазҰУ – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен. Сыйластық пен шынайы достықтың мекені, ҚазҰУ – ғашықтардың мекені. ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен. Сол себепті де, мен өзімнің ҚазҰУ-да жүргендігімді өмірімдегі ең үлкен сәттілік деп санаймын.

Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасы
4 курс студенті Несипбекова Асель
Жетекшісі: Шарыпқазы Нұртәліп