Білімнің бастауы

Білімнің бастауы
жеке
блог

Елбасымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім мен ғылым саласында үлкен көңіл бөлуде.Бүгінгі ең басты мәлелелерінің бірі ғылым мен білім.     Бүгінгі  еліміздің білім мен ғылымның қара шаңырығына айналған  Әл -Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан Республикасының ең үздік жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Қазақ Ұлттық университеті әлемдегі ең үздік 800 жоғары оқу орындары ішінде QS рейтингі бойынша 165 орынға ие болып отыр. Ұзақ уақыт бұрын салынғанына қарамастан, университет қазіргі таңда білгір болашақ мамандарды дайындауда көшбасшы болып табылады.  Қазіргі таңда университет 37 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеуинституттары мен орталықтар бар. Бүгінгі таңда факультет студенттерінде ҚазҰУ-да оқуға және тұруға барлық жағдай жасалған.

     Елбасымыздың білім мен ғылымға деген мән беруінің арақасында ғана біз сондай жетістікке жетіп отырмыз.Қазір біздің университетте 20  мыңнан астам студенттер оқиды. Соның ішінде 16  мың бакалавриаттар. Осы жылы оқуға түскен студенттер саны көп.Осы күні университте Қазақстанның әр тарапынан келген  аспиранттар, доктаранттар және де шет елдерден  арнайы шақырылған маман оқытушылар бар. Жыл сайын студенттер шет елдің  студенттерімен алмасып  оқиды.Төрт жылдын ішінде  студенттер  жақсы маман болып шығады. Шығыстану факультеті туралы тоқталып өтсем. Бұл факультетте  шығыстың сегіз тілін  оқытады.Бұл тілдерді меңгеріп шығу өте жақсы.Шығыстың тілдері; араб, парсы, қытай, корей, түрік, жапон, хинди және урду тілдері жатады.Бұл тілдердің шығу тарихы салт- дәстүрлері ерекше орын алады. Мен қытайтану кафедрасында оқимын.Мен үшін оқып жатқан тілім мен үшін маңызды.Бұл тілді оқып арықарай дамытқым келеді . ҚазҰУ студенттері де атақ дәрежеге  лайық деп білем.Менің ойымша жаңа талап жаңа кезең ғылым ордасы өз орны мен деңгейін жоғалтқан емес, дүниенің төрт бұрышына кең танымал ғылым білім ордасына айналды. . Оны дамытып жетілдіру барысында осы заманға лайықтап  сұранысқа икемдестіріп отыр.Қазіргі біз жас ұрапақ оны арықарай көркейтуіміз керек.

Қытайтану кафедрасының 4 курс

Шетел филология мамандығының студенті Мамыр Құралай

Жетекшісі: Шарыпқазы Нұртәліп.