Жарнама
Арнайы жобалар

Шығыстану

Шығыстану
жеке
блог

Шығыстану факультеті Қазақстанның шығыс тілдерін игерген жоғары  білікті мамандар даярлайтын ірі орталығы болып табылады. Университет қабырғасында шығыс тілдерін зерттеу (соның ішінде, араб тілі) ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастау алады. Бүгінгі Шығыстану факультеті – бұл жоғары педагогикалық кадрлар жұмыс істейтін, қызықты әрі шығармашылық оқу-тәрбиелік үдеріс жүзеге асатын, ғылыми зерттеулер жүргізілетін мойындалған қазақстандық ориенталистика орталығы.

Факультетте арабтану, түркология және корейтану ғылыми зерттеу орталықтары, үндітану, қытайтану, ирантану, жапонтану ресурстық-ақпараттық орталықтары жұмыс істейді. Факультетте 8 шығыс тілі: араб, парсы, қытай, корей, түрік, жапон, хинди және урду, сондай-ақ, екі батыс тілі: ағылшын және француз тілдері оқытылады.

Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы шамамен 100 адамды құрайды, олардың ішінде, 8 ғылым докторы мен профессоры, 38 ғылым кандитаты мен доценті, 8 PhD докторы бар.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/27970/