Қызығы мен қиындығы мол журналистика
жеке
блог

Қызығы мен қиындығы мол журналистика

Журналист ұғымының аясы кең. Журналист ол тілші, ақпарат беруші, баяндамашы, жедел қызмет етуші. Осы қызметтермен қоса, оның өзіндік ауыртпашылықтары да жетерлік. Кез келген тақырыпқа сюжет түсіру үшін журналист қанша еңбектенеді, талпынады. Қауіпті аймақтарға баруға тура келетін сәттер де аз емес. 

Журналистиканы күн ретінде алып қарайтын болсақ, журналист сол күннің бар әлем үшін жарқыраған шуағы секілді.

Әр журналистің өзіндік цензурасы болады. Бір журналист елінің саясаты туралы жазса, тағы бір журналист ондай тақырып аясында сөз қозғай бермейді. "Сөз" өте құдіретті, оның құдіреті арқылы адамды жылатуға, жұбатуға, демеу беруге болады. Ал кейде күлдіріп, көңілін көтеруге де болады.

Журналист қоғамда нәзік позицияда тұруы керек. Себебі, қалай болғанда да, журналист қоғамға зиян тигізбейді. 

Н.Михалковский: " Журналистика қоғаммен бірге өмір сүріп, қоғаммен бірге тыныстайды. Қоғам тірлігінің тамыры қиылса, журналистика да бітіп тынады",-дейді. Журналист үшін ең басты қағида ол сөз еркіндігі. Сөз еркіндігі қашан да болсын үлкен сұранысқа ие. Себебі оқиғаны дәл сол қалпында айна қатесіз, сапалы түрде жеткізу журналистиканың биік шыңы. 

Журналистика - бұл өнер деп айта аламын, әр журналист өзі жазған мақаланың, зерттеулерінің шығар шыңына жетіп, халыққа жетуі үшін сан түрлі күйге түсіп, қиялға ерік беріп, барлығын өз бойынан өткізіп, барып жариялайды.

Қазіргі заманда  журналистер заманауи технологияларды, әдеуметтік желілерді көп қолданады. Мысалы, олар интернеттен ақпаратты табады, компьютерлерде, принтерлерде жұмыс істейді. Сондықтан тілшілер мақалаларын, сюжеттерін тез жасайды. Әрине, журналистің мансабында үлкен талант, шығармашылық маңызды рөл атқарады.

Жалпы, әр журналист - дара тұлға. Оның өзіндік пікірі, ойы, жазу стилі бар. Бастысы – журналист қашан да халық жаршысы, билік пен бұқара арасындағы көпірді жалғаушы, ұлт жанашыры екендігін естен шығармағаны абзал. Кезінде Бернард Шоу «Журналист – бәрін білетін, бірақ бәрін шала-шарпы білетін мамандық» депті. Расында журналистің аяғы баспаған жер, білмейтін саласы жоқ. Бұл қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін бұл сала туралы айтар ойымыз, жазар сиямыз әлі көп деп айта аламын