Латын графикасы – заман талабы

Латын графикасы – заман талабы
жеке
блог

ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры, ал қазіргі компьютер ғасырында дүниежүзілік желідегі ақпаратқа қолы жететіндер өз билігін пайдалана алады. Ал негізгі қатынас құралы – жазу. Яғни, интернеттің басымдығы – латын графикасы.  

Қазір елімізде латын әліпбиінің бірнеше нұсқасы сарапталып, мың құбылысқа түсіп, өзгеріп жатыр. Біз қазір латын әліпбиінің арқасында білім, ғылым, өндіріс саласындағы жаңа технологияларға қол жеткізіп отырмыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу халықаралық ақпарат кеңістігіне шығуды жеңілдетеді, яғни халқымыздың ана тілінде интернетті меңгеруіне жол ашады. Көзіміз ашық, көкірегіміз ояу, бес-алты айдың ішінде бірнеше тілді еркін меңгеріп алатын заманда қазіргі жас ұрпаққа ана тіліндегі дыбыстарды әр түрлі дыбыспен белгілеуді үйрену қиын емес. Ал бүгінде ұялы байланыстағы хабарламалардың көпшілігі осы кестемен сақталады.

Ақпараттық технология дәуірінде латын әліпбиінің әлеуметтік жүйеде басым екені даусыз. Әрқайсымыздың жеке электрондық пошта мекенжайымыз бар. Ол кириллица, араб немесе басқа латын емес тілдерде жазылған. Көлігіміздің нөмірі, жеке куәлігіміздің әріптері латын әліпбиімен жазылған. Көптеген мысалдар бар. Демек, латын тілі бізге жаңалық емес. Латын әліпбиі қазақ қоғамында 1929-1940 жылдар аралығында қолданылып, кейін кириллицаға ауысқаны белгілі. Түпкілікті нәтижеге көз жүгіртсеңіз, президент көтерген мәселе – тіл тазалығы, тарихымыздың жаңғыруы. Сондықтан Елбасының тіл мәселесіне қатысты ұстанымын жедел түрде қолдау қажет. Бір сөзбен айтқанда, латын әліпбиіне көшу – заман талабы. Перзидентіміз тілге тиек еткен Жаңа Қазақстанның өркендеуіне өз үлесін қосып, Елімізді жаңа деңгейге шығаруға бірден бір септігін тигізеді деген ойдамын.