Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
жеке
блог

Қазақстан Республикасындағы ең маңызды әрі ғылыми-зерттеу институттарының бірі – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.  Кәсіптік  пен ғылыми салалардағы студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін таңдаулы оқу ордасы. Университет қабырғасындағы студенттер мен оқытушылар ұжымын тарту үшін жаһандық мәселелер бойынша зерттеулер мен оқытуды қолдауға жағдай жасайды. Сондай-ақ  әртүрлі шет елдермен және аймақтармен академиялық қарым-қатынастар құруға тырысады. Университетте мықты білім алуға талпынған әрбір білім алушы үшін бірқатар  мүмкіндіктер көп. Қазақстандағы ең үлкен және бай кітапханалардың бірі университет аумағындағы кітапхана болып табылады. Мұнда білім алушылар оқуға байланысты түрлі кітаптар мен қажетті ақпаратты таба алады.

Халықаралық ынтымақтастық аясында  университет «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасын сәтті жүзеге асырады. Жыл сайын ҚазҰУ-дың 2000-нан астам білім алушылар  шетелдегі ғылым және білім беру мекемелерінде тағылымдамадан өтеді. Сонымен қатар шетелдік және отандық университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтеді. Шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында оқу ордасының студенттері тағылымдамадан өту арқылы білім алуда және ғылыми іс-шараларын жүзеге асырады. Шетелдік университеттерде  білім алушылар білім қорын жинап, сондай-ақ тіл үйреніп, тілдік деңгейлерін жоғарылатады. Жыл сайын университеттегі профессорлық-оқытушылар құрамы халықаралық конференцияларға қатысады.  Ғылыммен айналысқысы келетін білім алушылар үшін түрлі конференциялар мен форумдар ұйымдастырылады.  Жас ғалымдар, магистранттар мен докторанттар, оқытушылар KKSON басылымдарында, WoS/Scopus деректер базасында жариялану белсенділігі жоғары.

Тарихы тереңде жатқан қара шаңырақта білім алып жатқаныма мақтан тұтамын.