Болашақ кімдердікі?
жеке
блог

Болашақ кімдердікі?

Мен осы мақаланы елімнің жастарының бірі ретінде жазбақшымын. Мен өзімді тәуелсіз егемен елдің жалынды жастарының бірі болғанымды мақтан етемін. Менің елім Қазақстан - салт дәстүрі мықты, асыл сөзді, көркем тілді,сан ғасырлық тарихы бар, мәдениеті дамыған, қазына байлығы мол керемет ел. Біздің елде жастарды мықты қолдап, олардың оқуына, білім алуына, олар көтерген тың бастамаларын іске асыруына мықты жағдай жасалған. Ел ертеңі жастар деп жастарды қолдап жатқандары қатты ұнайды. Әрине, бізге осындай қолдау білідіріп, үміт артып отырған үлкендердің ақ сенімін ақтауымыз міндет,тіпті парыз десе де артық етпес-ті. 

Жалынды жастар- жарқын болашақ. Болашағы жарқын елдің өмірі де ұзақ болады. Білімді жастарымен, ақылды жастарымен алдыңғы қатарда келе жатырған елдер қаншама. Бәрі де ата-ананың, елдің, мемлекеттің қолдауы. Жарқын болашаққа тек жастардың өзі  ғана емес сенімділікте қатар келе жатыр. Сенімді жастар өз болашағының айқын боларына, артылған үмітті ақтайтын ұрпақ боларына сөзсіз сенімдері артарды. Жалындаған жас жеткіншектер қазірде елдіміздің атағын айға жеткізіп, мерейін асырып отыр. Әлі де Қазақстан жастарының алар асулар мен жетер белестері көп деп сенемін.

Менің де еліме өз үлесімді қосқым келеді. Менде елімнің туын асқақтатқым келеді. Менің де тың игі бастамаларды бастағым келеді. Міне, бұл ой тек менің ғана емес, бүкіл Қазақстан жастарының көкейіндегі ой. Тек менің талпынысым емес, бүкіл Қазақ жастарының талпынысы. Осындай мықты күшпен біздің алға жылжуымыз әп сәтте, тек бір әттеген-ай бар, ол – қазақ тілінің артта қалып бара жатқандығы. Алдымен, ел боламыз, жер боламыз, мерейі тасыған ел боламыз десек, жастарымызға қазақ тілін көп насихаттауымыз керек. Жастардың жарқын болашағы өз істерінде екендігі осы бір жерде тағы да дәлел болып отыр. Сондықтан, ел боламыз десек бесігімізді түзейік, жалындап тұрған, бойында қайраты тасып тұрған жасатрымыздың бетін қақпай, белін буып, бар жақсыны тілейік. Жалынды жастар - Қазақ елінінің жарқын, айқын болашағы.

 Еуразия ұлттық университетінің 1 курс студенті Ақбота Бертілеуқызы