Әлеуметтік желіні жайлаған ақылы курстардың пайдасы бар ма?
жеке
блог

Әлеуметтік желіні жайлаған ақылы курстардың пайдасы бар ма?

Екі-үш жылдықта Қазақстанда әлуметтік желілер өз жұмысын артық орындамаса кем орындаған жоқ. Пандемия кезінде «Instagram» желісі жейтін нанымызға айналғаны рас. Бойындағы бар қабілетін жинап алған желі қолданушылары ақылы курстарын сатып мәз болды. Соның ішінде мобилография курсы да біршама танымалдылыққа иеленіп, барша жанның қосымша мамандығына да айналып үлгерді. «Instagram» желісінің қыр-сырын меңгерген, әдемі визуалдармен стристарды әсемдеуге жаны құмар, ақылы курстарды қалт жібермейтін Тахмина Байжаннан сұхбат алсақ деймін. Алғашқы сұрақ әлеуметтік желі арқылы қандай курстарға қатыстыңыз?

-        Әлеуметтік желіде көбіне психологиялық дамуға қатысты, заманауи мамандықты меңгеретін курстарға және бұрындары хоббиәме айналған тігін курстарына қатыстым.

Сізге ең ұнаған қай курс болды?

-        Әрине, қатысқан курстарымды бөліп жарымаймын. Бірақ өміріме өзгеріс әкелген курстардың бірі Айжұлдыз Адайбекованың «Даму» марафоны және кез-келген жерден әдемілік көруге үйреткен Нұртас Исабек пен Шахметова Перизаттың «Визуал, Сторис» курсы.

«Даму» курсының пайдасы қандай?

-        Даму марафонының пайдасы «өзгерем» деген адамға өте көп. Дамудың пайдасы адамды днодан(стресс,депрессия,күйзеліс) алып шығу. Мен ең алғаш «Даму» марафоны басталғанда 10сынып оқитынмын, карантин кезі болатын, бос отырмай не болар екен деп қатыса салғанмын. ҰБТ-ға да дайындығымды ертерек бастап кеткен кезім еді. Бәрі осы карантин кезінен басталды.

Сіздің өміріңіз қаншалықты өзгерді?

-        Мен өзім ашушаң, сабырсыздау, ұйқымен де, ата-анам, бауырларыммен де мәселем бар еді. «Дамуға» қатысқалы бәрі де реттелді. Таңғы 5-тен бастап тұрып, таңғы мезгілді өзіңе арнайсың. Жүгіресің, жаттығу жасайсың, медитация жасайсың, қанттан бастартып, құстарға жем беріп садақа да жасайсың. Күнделікті күніңнің қалай өткені секілді күнделік толтырып, күнделікті шүкіршілік дәптерін де толтырдық. Есеп ретінде бәрін инстаграмға салып отыратынмын.

Жақындарыңыз сіздің дамуыңызға қандай көзқарас білдірді?

-        Жақындарым инстаграмға салғанда басында бәрі түсінбеді. Тіпті анам да таңда ерте тұрып, жүгіре бастаған кезімде “не қыласың, жатып демалып, одан да ұйықтасаңшы” деген. Достарым да күлкіге айналдырған. Бәрін байқап бір жағынан жылағыым да келген. Бірақ жасап жатырған әрекетім өзіме ұнағандықтан жалғастырдым. Кейіннен анам “қызым әкесінен ерте тұрады, үйдің берекесін кіргізіп жүреді. Таңертең жүгіріп, Айжұлдыздың Даму марфонына қатысады деп” үйге келген қонаққа мақтанып, өзіме де айтып отыратын. Қасыма екі құрбым қосылып, бірге жүгіретінбіз. Инстаграмға салған да кейбір адамдар сендерге қосылайықшы деген ұсыныс, ниеттерін де білдірген.

Тек курс ашылғанда ғана әрекет еттіңіз бе? Әлде күнделікті әдетке айналдырдыңыз ба?

-        Жоқ, тек курс басталғанда әрекет етіп, кейін істемеу ол курстың сапасыздығынан деп білемін. Дамудағы таңертеңгі жаттығу, медитацияны, шүкіршілік дәптерін толтыруды әдетіме айналдырдым.

Әлеуметтік желідегі белсенділігіңіз қандай?

-        Белсенділігім орташа. Стористі өзіме қалай ұнайды, солай түсіре беремін. Бір күні көп сторис салсам, келесі күні одан аз салып қалатын күнім болады. Менің стористі ұқыпты жүргізетініме, визуалымның әдемілігне қарап көп адам “блогерсің бе” деп айтады. Бірақ мені жауабым “жоқ,әзірше блогер емеспін. Бірақ осындай қарқынмен инстаграмда табыс тапқым келеді.

Сіздің сторис түсіру әдісіңіз қандай? Қандай қосымшаларды пайдаланасыз?

-        Сторис түсіру әдісім ең әуелі телефонымның камерасын үнемі сүртіп жүремін. Фото, видеоға түсіргенде сапасына және ракрусқа мән беремін. Қалай болса, солай салған соңғы уақытта ұнай бермейді.

Және сіз өзіңіз "Сторис" марафонын өткізіпсіз. Бұл ой қайдан келді? Тегін немесе ақылы?

-        Иә, өткіздім. Сол «Визуал, сторис» курсын аяқтағаннан кейін келген ой болатын. Басыма келеген ойды жүзеге асырмасам өкінетін әдетім бар. Жасамасқа қоймадым. Иә, ақылы болатын. Әр нәрсенің өзінің ақысы болуы керек деп ойлаймын. Алғашқы 10 адам қатысып 5-10 мың теңгемді инстаграм арқылы тапқанмын. Иә, үйреніп шыққан қыздарымда айтарлықтай стористерінде  өзгеріс бар. Әр жерден әдемілік көруге тырысады.

Қанша адам қатысты? Шәкірттеріңіздің стористары осыдан кейін қалай өзгерді?

-        Иә, үйреніп шыққан қыздарымда айтарлықтай стористерінде  өзгеріс бар. Әр жерден әдемілік көруге тырысады. Өз алғыстарын да білдіріп тұрады.

          Әлеуметтік желінің зиянын ғана емес,  осындай білімді, дамуға, өзгеруге құштар жастарымыздың пайдасына асып жатқаны көңіл қуантады.

Ақбота Бертілеуқызы 2 курс студенті