ҒАЛАМТОРДАҒЫ ДОСТЫҚ

ҒАЛАМТОРДАҒЫ ДОСТЫҚ
жеке
блог

Ғаламтордағы достық

Адамзаттың қоғамнан алыс жүре алмайтыны анық, қоғам арасында жүргеннен соң қарым-қатынасқа түсуі де шарт. Адам кішкентайынан бұл процесске араласқанына қарамастан өмірде сапалы, сауатты қарым-қатынас орната алмайтын жағдайлар да жиі кездеседі. Көбіне адамдар шынайы өмірде қарым-қатынас орнатуда қиындықтарға тап болады да, оған альтернатива іздей бастайды. Білімі мен ілімі қатар дамыған заманда қарым-қатынас виртуалды түрге айналып жатыр.

Дамыған заманның бұл реті адамдардың қарым-қатынасына қандай әсерін тигізеді ?

Біздің қолымызда ақпарат көздері өте мол. Өмірімізге бөтен, интернетімізге дос болған жұлдыздардың өміріне жақындарымыздың өміріне қарағанда көп көңіл бөліп, алаңдаушылық білдіреміз. Үй ішімізбен бірге уақыт өткізудің орнына, өзімізге еш қатысы жоқ жағдайлар туралы оқимыз.

Заманауи дәуірдің балалары бұрынғыдай ертегі тыңдап, ел-жер танып, үлкендерімізге сан жетпес сұрақтарын қоймайды. Өздерін қызықтырған нәрсе туралы "ok,goggle" немесе "алиса" деген "сиқырлы" сөздердің көмегімен керектерін тауып алады. Осылайша адамның өмірлік тәжірибесі мен тұлғалық қасиеті шетке ысырылып қала береді. Интернеттегі қарым-қатынастың нәтижесінде шынайылық пен шынайы эмоциялар жеткіліксіз бола түседі. Барлығы ресми форматқа ауысады.

Әлеуметтік желілердің арқасында "подписки" бөліміндегі алыс-жақын туыстарымыздың, дос-жарандарымыздың өмірінде не болып жатқанынан хабардар болып отырамыз. Бірақ сол "жақындарыңызбен" өмірде қаншалықты жиі кездесесіз, тым болмаса жеке хабарлама жазып көргенсіз бе? Виртуалды қарым-қатынас бізге әрқашан байланыста болуға шексіз мүмкіндік береді. Бірақ мұндай қарым-қатынастың басталуынан аяқталуы да тез болады. Соған қарамастан виртуалды қарым-қатынас адам өмірінің ажырамас бөлігі. Коммуникацияның бұл түрі жердің екінші жартысындағы адаммен сөйлесуге оразан зор мүмкіндік беретіні сөзсіз. Бір жағынан виртуалды қарым-қатынас, қандай тиімді болмасын, шынайы өмірдегі қарым-қатынастың орнын баса алмайды. Сонымен қатар, сіз өз үмітіңізге оңай алданасыз. Виртуалды қарым-қатынас кезінде адамның шынайы қасиеттерін, оның мінезінің ерекшеліктерін тану іс жүзінде мүмкін емес. Сол себепті, ғаламтор арқылы таныстықтың соңы шынайы өмірде жалғасын таба бермейді.