ҚазҰУ-да «Жас тілшілер» форумы өтті

ҚазҰУ-да «Жас тілшілер» форумы өтті
жеке
блог

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Ұлан" газетінің қолдауымен журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастырумен 47 рет «Жас тілшілер» форумы өтті.

Мектеп оқушылары арасында республикалық ең үздік эсселер мен мультимедиалық жобаларға жарияланған байқауда ең үздік жұмыстардың жеңімпаздары марапатталды.

Форумда «Ұлан» балалар мен жасөспірімдер газеті бас редакторының орынбасары Жұлдыз Әбілда жеңімпаздарды құттықтады. «Ұланның» жас тілшісі Айсұлу Съезхан «Ең үздік жас тілші – 2022» арнайы сыйлығын табыстады Алматы облысы, Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектептің 11-сынып оқушысы Айгерім Есімханға табыстады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қабылдау комиссиясының бас маманы Нұрсұлу Мейрамбекқызы Алибиева Ұлттық тестілеу ережелерін түсіндірді.

Жас тілшілер "Ұлан" газеті редакиясында, "Qazaq radiosy" Алматы қаласындағы студиясында практик мамандардың шеберлік сыныптарын тыңдады.

«Ұлан» газетінің ұжымы форумға қатысушыларды М.О. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына қойылымға апарды.

Форум күндері жас тілшілер Алматыдағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде қонақта болып, мамандық жайлы пайдалы кеңестер тыңдады.

Шараны ұйымдастыруға қолдау білдірген Алтын Акынбекова, Маржан Нурманова, Жанат Сейтжанова, Жадыра Нармаханова, Nurlykhan Zhumakhanға және "Ұланның" әр жылдары Жас тілшісі атанған студент, магистрант, докторанттарымызға алғыс айтамыз!