«ЛИНГВИСТИКА БЕЗ ГРАНИЦ: о специфике интегративных исследований»

«ЛИНГВИСТИКА БЕЗ ГРАНИЦ:  о специфике интегративных исследований»
жеке
блог

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай түрлі ғылыми және мерекелік шаралар, кездесулер мен байқаулар өтуде. Еліміздің көшбасшы университеті бүгінгі халықаралық байланыстары мен Жоғары оқу орындары арасында өз орнын ойып алуын дәлелдер жетістіктері мен атқарылып жатқан жұмыстары, келешекке бағыт-бағдарлары айқын.

   Филология және әлем тілдері факультетінің кешегі Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасында жылдар бойы дәстүрлі түрде өткізілетін ғылыми семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар республикалық та, халықаралық көлемде өткізіліп келетін, ал бүгінгі Түркология  және тіл теориясы кафедрасы осы оқу жылының басынан бастап сол дәстүрді жалғастырып отыр.  Солардың  жас ғалымдарға, ғылымға үлесін қосушы зерттеушілерге берері мол, бірі де бірегейі «Көшбасшылық дәріс»  Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай өтуде.

   Аталмыш дәрісті алғаш болып, филология ғылымдарының докторы, профессор Жанар Құлматқызы Ибраева тізгіндеді. Бұл өткен дәріске 100-ден аса студенттер, магистранттар мен PhD докторлары және осы кафедрадан, факультеттен білім алып өзге өңірлерде қызмет атқарып жүрген түлектер, жас ғалымдар мен оқытушы-профессорлар, сонымен қатар А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары да қатысты.

   «Лингвистика без границ: о специфике интегративных исследований» атты көшбасшылық дәрісінде професор Ж.Қ. Ибраева ХХІ ғасырдағы лингвистиканың ғылыми парадигмалары, лингвистиканың заманауи бағыттары, психолингвистикадағы, нейролингвистикадағы, лингводидактикадағы сабақтас ғылымдардың әдістері жайлы ақпараты кеңінен тоқтала келе, лингвистика терминологиясы, Э.Д. Сулейменова, Н.Ж. Шаймерденова, Ж.С. Смагулова, Д.Х. Аканова секілді ғалымдардың авторлығымен жасалған, қазақстандық социолингвистикада жарық көрген алғашқы және бірегей сөздік – «Әлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігі» және интегративті зерттеудің әдістерін назардан тыс қалдырмады. Бұл көшбасшылық дәріс ғылымда өзінің өшпес ізін қалдырған аға буын ғалымдары үшін де, ғылымға жаңадан бет бұрған жас ғалымдар үшін де құнды ақпарат көзі болғанын атап өткіміз келеді.  

   Ерекшелігінің өзі, отандық ғалымдардың еңбектері, зерттеулері мен қазақ тіл біліміндегі әлі де зерттеуді қажет ететін тұстарына тоқталып өтуінде болды. Дәрістің соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдар мен пікірлердің мұндай дәрістің тыңдаушыларының көңілінен шыққанын дәлелдеп қана қоймай, жалғасын табуына кепіл болғандай.

   Осындай мазмұнды, мағыналы «көшбасшылық дәріс» ұйымдастырушылар мен алғаш болып өткізген лингвист ғалым, профессор Ж.Қ. Ибраеваға алғысымыз шексіз.

   Мемлекетіміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен ғылыми дәріске деген қызығушылық еліміздегі ғылымға үлес қосар жастардың көңілінен орын тауып, келешекте зор үміт күтуге болатынын аңғартады.

                                                                                                Әл-Фараби ат. ҚазҰУ оқытушысы

                                                                                                                         МЕДЕТБЕКОВА П.Т.

                                                                                      Шетел тілі: екі шет тілі мамандығының

                                                                                                           Студенттері:   ПЕРНЕБЕК А.,

                                                                                                                           ЕГЕМБЕРДИЕВА Н.