Инстаграм-инемен құдық қазғандай

Инстаграм инемаен құдық қазғандай

 


Жалпы қазіргі заманның келбетіне қарап дәл осылай айтуға негіз бар. Жалпы <инстаграм> желісі 2010 жылы дүниеге келген әлемдік желі.

Алғаш ашылған кезде тек фотосуреттер қоюға мүмкіндік болып, 2013 жылы қысқа бейнероликтерді жариялауға мүмкіндік ашылды.

Жалпы желі алғаш ашылған кезден-ақ халық арасына індеттей тарап, талай жанның назарын өзіне бірден аударта алды. Бастапқы кезде хабарлама алмасу мүмкіндігі болмай, тек фото мен видео жүктеп, пікір жазып, лүпіл қалдыруға болды.

Негізінен инстаграм желісіне белсенділік әлемдік жұлдыздардың бұл желіні көптеп қолдануымен көптің назарын аударды. Себебі әлемдік деңгейдегі жұлдыздар ешқандай БАҚ-сыз өз жаңалықтарымен бөлісіп, өз-өздеріне жарнама жасайтындай мүмкіндік алды.

Мәліметтерге сүйенер болсақ инстаграмда ең көп оқырманы бар парақша ол инстаграмның өз ресми парақшасы.

Ал содан-соң көш бастап тұрған әлемдік футболдың жарық жұлдызы Криштану Роналду екен. Жалпы футболшының бүгінде 436-млн дай оқырманы бар. Бұл футболшы инстаграмға өзінің алғашқы суретін 2012 жылдың 26 қазанында жүктеп, 631 740-ға жуық лүпіл жинаған.

Ал Роналдудың тікелей қарсыласы аладоп шебері Лионель Месси инстаграмның ресми парақшасын есепке алмағанда үздік үштікті түйіндеп тұр. Мессидің оқырман саны 324 млн-нан асып жығылған.

Жалпы инстаграм сырын біліп қолдана білген жанға сыр-сандық. Талай жан осы әлеуеті мол инстаграм желісі арқылы өз имиджердін қалыптастырып пайда табуда.

Қазір инстаграм жалпы тауар сатуға болсын, өз кәсібіңді жүргізуге болсын жақсы жағдай жасап қойды. Өз парақшаңды жақсы жүргізе білудің өзі бір өнер.

Көп алысқа бармай ақ көптеген отандық блогерлер арнайы гив өткізу арқылы аудитория назарын өздеріне аударып, мол табысқа кенелуде. Оған дәлел күні кеше Жансерік Қадырбаев есімді блогер арнайы байқауын ұйымдастырып 400- мыңға жуық желі қолданушыларының назарын аударта білді. Тіпті Жансеріктің тікелей эфиріне 100 мыңнан аса көрермен қосылған болатын.

Жалпы инстаграм бір қырынан жаңалық жаршысы деуге де толық негіз бар. Талай ауқымы мол қайырымдылық қорлары да осы жерде жарияланып, талай жанның еміне себепкер болып, мол сауапқа кенелуде.

Қазіргі таңда инстаграм әлеуметтік желісіне тіркелмегендер саны тым аз десек қателеспейміз. Осы орайда инстаграмның белсенді қолданушыларынан сұхбат алып көрдім.

Оның бірі Омар Нұрәлем:

<Мен негізі белгілі бір бәсте жеңіліп өз парақшамды кетіруге мәжбүр болдым. Жалпы ол парақшаны кетіргенде көп деген естеліктер сол парақшада қалып кеткен секілді болып, ал жаңа парақшада өз өмірімді таза парақтан, қайта бастағандай болдым. Жаңа имидж қалыптастыруға құштарлығым ашылды. Негізі инстаграм қыр-сырын біліп қолдана білген адамға үлкен мүмкіндік беретін желі.>

 


Қайыр Алихан:

<Мен 7-8 ай көлемінде өз парақшамды белсенді жүргізіп келемін. Бірақ ойланып мұның бәрі не үшін? Инстаграм маған не береді?-деген ойлар мазалап бұл экспериментті бастадым. Мен ұйқыдан ояна сала инстаграм лентасын ақтарып ,қанша пікір, қанша лүпіл болғанын көруге асығып инстаграмға тәуелді болып қалдым. Біз шын мәнінде қазіргі таңда зомбиге айналып барамыз.

Инстаграм арқылы шынында пайда тауып, өз парақшасын жүргізе білген әрине керемет, бірақ біз түптің түбі зомбиге айналып кеткенбіз.

Мен бұл эксперимент арқылы бір жыл бойы инстаграм, тикток сынды желілерден тәуелсіз болып, әлеуметтік желілерден бас тартқан адамда қандай өзгеріс болатынын көріп, өзімді бір жыл бақылауға аламын деп экспериментімді 2022 жылдың 1 қаңтарында бастадым. Бірақ арада 4 ай уақыт өткен соң бұл экспериментті бұзып инстаграмға қайта оралдым

Оған себеп шыны керек қазіргі заманда ақпарат алудың бірден-бір көзі ол инстаграм желісі. Мен инстаграмға қайта оралғанда бар фокусты өзіме аудардым инстаграм арқылы жақсы посттарды оқуға және де интернет магазиндерді инстаграм арқылы табу, бар каталогтарды қарау оңай сол себепті мен инстаграмға қайта оралдым. Инстаграмсыз 3 ай маған жақсы жағынан әсер етті. Мен бұл желіге көптеп уақыт арнап, пост салуымды тоқтаттым және де маған басқа адамдарың не істеп, қайда жүргендері аса қатты қызық болмай қалды. Сонымен қатар әлеуметтік желісіз өзімді жақсы тани бастадым жалпы қоршаған ортамды кімдермен араласып жүргенімді жақсы түсіндім. Мен инстаграмға бұрыңғыдай тәуелді емеспін>

 


Міне осылайша инстаграм кейбір жандар үшін жаңа өмір парағы, ал кейбір адамдар үшін зомбиге айналдырар жұқпалы дерт сынды.

Жалпы статистика бойынша инстаграмға күніне 500-600 млннан астам қолданушы кіреді екен. Инстаграм болсын, басқа болсын бастысы өз-өзімізді әрдайым қадағалап, жақсы жағынан қолдана қолдана білейік сонда ғана сапты пышақ қол кеспейді.

Нұр менен Дәулетіміз таси берсін!

                             Джандауов Нурдаулет



Бөлісу: