Қазақстандағы орыс православиелік шіркеуі

Қазақстандағы орыс православиелік шіркеуі
жеке
блог

“Қазақстандағы орыс Православиелік шіркеуі”
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті Дінтану мамандығының 1-ші курс студенті Асқарғалиева А.Б.
www.kaznu.kz 
Жетекші аға оқытушы Тунгатова У.А.
Православтар дегеніміз Византияда бірінші мыңжылдықта, жеті Эумендік кеңес дәуірінде қалыптасқан христиандықтағы негізгі және ежелгі бағыттардың бірі деп білеміз. Саны бойынша (шамамен 300 миллион адам) католицизмнен (1,25 миллиард) және протестантизмнен (800 миллион) кейінгі христиандық бағыттар арасында үшінші орында болып табылады.
Қазақстандағы Православиені ұстанушылардың саны бойынша исламнан кейінгі екінші діни бағыт болады деп ойлаймын. Православиенің біздің елде пайда болуы Қазақстанның Ресейге қосылуы салдарынан пайда болған әскери қоныстармен байланысты болып келеді. Оңтүстікте алғашқы әскери орталар (шағын шіркеулер, ғибадат үйлері) 1866 жылы Түркістан мен Шымкентте пайда болған. 1871 жылы Түркістан Епархиясы құрылған болатын. 1872 жылы Верный және Жетісу епархиялары құрған кафедраға қазақстандық архиерейлердің алғашқысы – архиепископ Софония (Сокольский) тағайындалған болатын және ол епархияны 1877 жылға дейін басқарған деп ойлаймын. Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі шіркеулердің құрылысы XIX ғасырдың 80-ші жылдары басталды деп білеміз, 1901 жылы Сырдария облысында күйдірілген кірпіштен салынған сегіз тас шіркеу болды. XX ғ.басында Түркістанда (құрамына Қазақстанның көптеген жерлері кірген) 391 мың православ христиандары тұрып, 306 шіркеу жұмыс істеді. 1917 жылы Кеңес өкіметінің орнауы жеті онжылдыққа созылған ауқымды атеистік науқанның басталуына әкелді. Бұл науқан шіркеулерді жою, дінбасыларды қудалау, шіркеудің мүлкін тәркілеумен қатар жүрді. 1920-1930-шы жылдары көптеген дін қызметкерлері ату жазасына кесіліп, не жазасына сотталды. ХХ ғ.30-шы жылдары Қазақстан Орыс Православ шіркеуінің дін басылары мен қарапайым топтарын айдауға жіберу орнына айналды. Бұл кезең ұжымдастыру процесінің басталуымен тұспа-тұс келді, соның нәтижесінде қазақтардың көшпелі тұрмысы жойылды, орыс қоныс аударушыларының қазақ ауылдары мен шаруа қожалықтары қиратылды, бұл өлкенің бүкіл тарихында бұрын-соңды болып көрмеген аштыққа айналды, оның құрбандары миллиондаған адамдар болды. Дінге қатысты кейбір жеңілдіктер Ұлы Отан соғысы кезінде, Орыс православие шіркеуі фашистік басқыншыларға қарсы күресте кеңес халқының патриоттық рухын қолдаған кезде басталды. Қазақстанда храмдар қайта ашыла бастады.
Қазіргі уақытта православиелік шіркеу бірнеше бірқатар тәуелсіз шіркеулерден тұрады. Әкімшілік тұрғыда тәуелсіз шіркеулер экзахарттарға, эпархияларға, викариаттықтарға және т.б. бөлінеді. Сонымен қатар бірнеше тәуелсіз шіркеулердің басқа православиялық шіркеулерде пайғамбарлары бар.
Барлық православиялық шіркеулер үшін діни білім, культ, канондық іс-әрекет ортақ болып табылады.
Орыс православық шіркеуі басшылары қылмыстық-атқарушы мекемелер жүйесі аумағында жұмыс жүргізеді, кездесу уақытында жазаға тартылуыншыны мойысұнуға, өз күнәсін түсінуге шақырады. Діни экстремизмнің таралуына қарсы тұру жөнунде, экстремисттік ұйымдар ұйымдастырған террорлік актлерді талдай отырып сұхбат жүргізеді.
Орыс православтық шіркеуі ескі культтік нысандарға реставрация жүргізу жұмысымен айналысады. Православ қауымына әртүрлі қалаларға храмдар қайтарылып берілді. Қазіргі кезде ескі культтік ғимараттарға реставрация жасау мен жаңа шіркеу, ғибадатханалар салу жұмыстары жүргізілуде.
Менің ойымша, қазіргі уақытта орыс шіркеулері, православтар шіркеуі өте жақсы дамуда. Осы мақаладан керегіңді алдың деп ойлаймын, жас дінтанушы! Назарыңа рахмет!