2022 Алтын белгіні қорғау (адалдық пен ашықтық)

2022 Алтын белгіні қорғау (адалдық пен ашықтық)
жеке
блог

Қазіргі таңда білім және ғылым министірлігінің айтуы бойынша  "Алтын белгі иегерлері арнайы Назарбаев зияткерлік мектебінде емтихан тапсырады" Бірақта бұл балаға қаншалықты қиын болмақ? Баланың 5 сыныптан 11 сыныпқа дейінгі білімі, күші, еңбегі бір емтихан арқылы шешілмекпе? Егерде алтын белгі алуға тиіс баллды ала алмай қалса не болмақ?  
 
 
 
Міне осы сұрақтар 2022 жылғы алтын белгі түлектерін мазалауда. Бала қаншалықты барлығын біліп тұрсада сол жерде қобалжып өзі білген тұрған сұрақтарды ұмытып қалу ықтималдығы өте зор. Ол жақта сенің әр бір алып жатқан баллың өте маңызды болып есептеледі. Егерде сен сол бір емтиханан төмен балл алып қалсаң алтын белгіні ғана емес сонымен қатар үздік аттестаттыда ала алмай қаласың. Сонын салдарынан қаншама түлек алтын белгіден бастартуда және де айта кетейік жақында болған жиналыста бірінші вице-министр Шолпан Каринова былай деді: 
 «Алтын белгіге» үміткерлер үшін енгізілген өзгерістер академиялық адалдық пен ашықтықты сақтауға бағытталған. Біз осындай өзгерістерді оқу үдерісіне кезең-кезеңімен енгізіп жатырмыз және бұл жұмыс жалғасын табады. Оқушы өз мектебінде емтихан тапсырғанда, мұғалімі оған көмектескісі келеді. Бұл - дұрыс емес. Жақсы оқыған оқушы қорықпайды. Бірақ бас тартқандар да өздері біледі. Оған да құқы бар. Егер түлек немесе оның ата-анасы «Алтын белгі» белгісіне тапсырғысы келмесе және бір пәнді Назарбаев Зияткерлік мектебінде тапсырғысы келмесе, мұндай мүмкіндік те бар. Мұндай жағдайда ата-анасы өтініш жазып, оқушы 5 емтиханды өз мектебінде тапсырады, егер ол барлық емтиханды 5-ке тапсырса, үздік аттестатқа ие болады, - деп түсіндірді ҚР Білім және ғылым министрлігі 
 
 Қазіргі таңда “АЛТЫН БЕЛГІНІҢ” болуы жоғару оқу орындарына түсу кезінде білім гранттары берілмейді. Белгі иелері конкурсқа барлық үміткермен жалпы шарттар бойынша қатысады -делінген. Міне осылайша 2022 жылғы алтын белгі түлектеріне қиын болмақ.