NIS оқушысы әлемнің үздік университетінен шақырту алды

NIS оқушысы  әлемнің үздік университетінен шақырту алды
жеке
блог

NIS IBлік  Жәңгір Мұрат Айви Лигасы университетінен шақырту алды

NIS халықаралық бакалавриат мектебінің 12-сынып оқушысы Жәңгір Мұрат әлемнің үш үздік университетінен – Айви Лигасына кіретін: Princeton University-ден, сондай-ақ Northwestern University ( әлемдегі үздік 20), New York University ( әлемдегі үздік  30)  шақыру алды.

– "Менің таңдауым айқын.  Арманымдағы университетім – Princeton University басымдыққа ие.  Бұл оқу орны "Liberal Arts" бірегей жүйесі бойынша оқытады, яғни осы жүйеге сәйкес сіз көп пәндерді (мысалы, нақты және гуманитарлық ғылымдар, тарих, экономика, бизнес және т.б.) оқисыз, бірақ сонымен бірге таңдалған мамандықтар бойынша терең білім аласыз. Қуанышымда шек жоқ. Мен ата-анама, мектеп директоры мен мұғалімдеріме, EducationUsa тәлімгеріне сенім артып, қолдау көрсеткендері үшін ризашылығымды білдіремін, – деп қуанышымен бөлісті.

Princeton University – АҚШ пен әлемнің ең беделді университеттерінің бірі және Айви Лигасының мүшесі. Аталмыш оқу орны білім беру сапасымен ерекшеленеді. Университет қабырғасынан Нобель сыйлығының 68 лауреаты, Филдс сыйлығының 15 жүлдегері және Тьюринг сыйлығының 14 лауреаты қанат қаққан. 

Әлемнің үздік жоғары оқу орындарының шақыруын алу үшін Жәңгір SAT- емтиханында 1600 ұпайдан 1590 ұпай, мектепішілік орташа GPA 4.9/5.0.

Терең академиялық біліммен қатар, жас түлек еріктілер клубын құрып,  оқушыларды өзін-өзі басқару ұйымы мүшелігінде болған.

Сондай-ақ,  зияткер Yale University (YYGS), Johns Hopkins University (JHU CTY) университеттері ұйымдастырған жазғы мектептеріне шақырту алып, зерттеу жұмыстарымен айналысқан.

Айта кету керек, Жәңгір осы жылы Princeton University-ге шақыру алған NIS IB-дің алғашқы өкілі.  Ол Айви лигасын бағындырған елордалық Халықаралық Бакалавриат мектебінің түлектері командасын толықтырды.

Жәңгір болашақта  өзін экономика және саясат саласына арнағысы келеді.