NIS-тің «Педагогикалық диалогы» Eurasian Book Fair-2022-де
жеке
блог

NIS-тің «Педагогикалық диалогы» Eurasian Book Fair-2022-де

NIS Педагогикалық шеберлік орталығының табысты жобалар сериясын баспа жобалары жалғастырды.

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні «Педагогикалық диалог» кәсіби журналы V Еуразиялық халықаралық көрме-жәрмеңкеде бірден екі марапатқа ие болды. «Ғылым және инновация» номинациясында «Мектеп құндылықтары мен мәдениеті» басылымы күміспен марапатталды, ал «Үздік оқу кітабы» номинациясында үшінші орынға ие болды.

«Педагогикалық диалог» қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарылады. Он жыл ішінде журнал еліміздегі мұғалімдерінің кәсіби дамуы үшін табысты тұғырнамаға айналып отыр.

ПШО-ның баспа жобалары алғаш рет Нұр-Сұлтанда Eurasian Book Fair-2022 көрмесінде ұсынылды, оған 80-нен астам компания қатысты. V Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі кітап саудасы, ғылыми-танымдық және полиграфиялық фирмаларды біріктірді.

Педагогикалық шеберлік орталығы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының құрылымына кіреді.