ТҰЛҒАНЫҢ ДАРАЛЫҚ-ТИПОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН БІЛУ АРҚЫЛЫ БАСҚАРУ

ТҰЛҒАНЫҢ ДАРАЛЫҚ-ТИПОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН БІЛУ АРҚЫЛЫ БАСҚАРУ
жеке
блог


Әрбір адам жеке тұлға. Пікірлерді сараласақ, бірі туа біткен қасиеттердің жиынтығынан тұрады десе, енді бірі қалыптасатын дағды негізінде қарастырады. Екі пікірдің біреуін абсолютті жалғанға жібере алмаймыз. Кейбір ерекшеліктер ағзаның физиологиялық байланысымен де, уақыт өте, тәжірибелік жолмен қалыптастырған дағдысымен де тікелей қатысты. Осы тұрғыда адамды субъект ретінде танып, оның тұлғалық қасиеттерін зерттеуде «темперамент» концепциясының маңызы зор. Жалпы алғанда мұндай теориялар жиынтығын үш топқа бөліп қарастыра аламыз:
– Гуморальді теориялар;
– Конституционалды теориялар;
– Жүйке жүйесінің ерекшелігіне байланысты теориялар.
«Гуморальді» теорияның басында антика дәуірінің дәрігері, философ Гиппократ тұр. Ол өз негіздемесінде адам ағзасындағы төрт түрлі сұйықтық негізінде мынадай қорытынды шығарады: қан басым болса - сангвиник типі, сөл - флегматик типі, сары өт - холерик, қара өт - меланхолик типі.
Ерекше конституционалды теориялардың бірі Э.Кречмер («Дене бітімі және мінез») мен У.Шелдонның еңбектерінде қарастырылған. Адамдар дене бітіміне сәйкес мынадай қалыпта төртке жіктеледі: лептосоматик – нәзік денелі, ұзын бойлы, кеуде қуысы қушық, иығы тар, ұзын және арық аяқ-қолды.Пикник – май қабаты анық көрінеді, орта және аласа бойлы, жайылған денелі, домалақ басты, мойыны қысқа адамдар.Атлет – бұлшық еттері күшті дамыған, дене бітімі мығым, ұзын және орта бойлы, кең иықты, жамбасы тар.Диспластик – формасыз адам, дене бітімі дұрыс емес. Бұл типтегі индивидтер әр түрлі дене бітімінің деформациясымен сипатталады. Осыған сәйкес үш темперамент типі шығады: шизотимик, иксотимик, циклотимик.
Темперамент теорияларының үшінші тобын құрайтын теория негізгісіне И.П. Павлов еңбегі жатады. Іс-әрекет динамикасы негізінде тұрақты психикалық қасиеттердің даму деңгейі негізінде қарастырады.
И.П.Павлов пікірінше, жүйке жүйесінің Гиппократ бөліп көрсеткен темперамент типтеріне жақын негізгі төрт типі бар:
– Сангвиник – күшті, тепе-тең, қозғалғыш тип;
– Флегматик – күшті, тепе-тең, инертті тип;
– Холерик – күшті, қозуы тежелуінен басым тип.
– Меланхолик – қозу күші де , тежелу күші де әлсіз тип.
«Субъектілік» байланыс негізінде қалыптасатын басқарушы мен бағынушылар арасындағы қарым-қатынас, ұжымдағы байланыстар, психологиялық климат «макроорта» және «микроорта» қалыптастырады. Егер тұлғада көрінетін екі аспекті (даралық, әлеуметтік-типтік) негізінде адам-жеке тұлға (индивид) ұстанымына сай оның қабілеттері мен ұстанымдары, белсенділігі мен енжарлығы турасындағы ақпараттар бірлескен іс-әрекеттер жүйесін жетілдіріп, әлеуметтік байланыстарды бейімдей түседі.
Демек, «адам – түрлендірілген форма», табиғи, биологиялық, әлеуметтік факторлар негізіндегі құрылым.

Жубаназарова Н.С.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
психология ғылымдарының кандидаты, профессор
Сайлинова Қ.
жалпы және қолданбалы психология
кафедрасының аға оқытушысы
Әлиасқар Е.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
1-курс магистранты