ШЕҢГЕЛДІҢ ШЕШЕК АТУЫ МЕН ЕШКІНІҢ ЕСІ КЕТУІ

ШЕҢГЕЛДІҢ ШЕШЕК АТУЫ МЕН ЕШКІНІҢ ЕСІ КЕТУІ
жеке
блог

Нұрлыбек Саматұлының бұл мақаласында қолда барда алтынның қадірін білмей, өзгенің қаңсығын таңсық көретін жандар жайлы айтылады.

Иә, жапонның сакурасы гүлдесе бәрімізде сұлулықтың символы солдай есіміз кете қалатыны бар. Алып баратжатқан әдемілігі жоқ, тек ел қызыққан соң жұрттан қалмайын деген ой секілді біздікі. Әйтпегенде, Нұрлыбек ағам айпақшы сол сакураға қарағанда шеңгелдің гүлдегені екі есе әдемі.

Нұрлыбек Саматұлы «Өзімізде ештеңе жоқтай ақ өзгенің әлденесін әлдеқандай көретін біздікі не мінез осы! Мысалы, жапондар жеміс беріп жарытпайтын сакурасы гүлдеп, кәдімгідей қуаныш қылып тойласа, соны таң қылып, содан пәлсапа іздеп аузымыздың суы құритыны несі екен? Қазақтың кейбір ақындары шабыттанып өлең шығарып жібергеніде бар... Осы ретте мені алыстағы жапон сакурасының гүлдегені емес, өз жерімізде өсетін шеңгелдің гүлдегені әлдеқайда шаттыққа бөлейді» деп бастады сөзін.

Әңгіме басында автор әр ұлттың мәдениеті, өркениеті бар оны сыйлау міндетті. Бірақта соның жетегіне еріп жүре бермей өз мұраларымызды ұмытпауымыз керек екенін түртіп айтты.

Енді, автор не үшін саурадан шеңгелдің шенін биік қойды екен соны қарастырайық. Қаламгер бұл жайлы, «Шеңгел де ең ежелгі өсімдік. Тіпті орыстар оған басқа ат қоймай чингиль дейді. «Аяз бидің шөп жаманы шеңгел емес...» дейтініе қазақтың жанында. Ақ шеңгел деген түрі де бар. Оны жұрт әуелден әулие көреді. Әрі есте жоқ есті заманнан әулие түтса керек. Өйткені ол қазақтың «Жарты төстік» ертегісінде айтылады»

Артынша шеңгел қасиетін ұлттық болмыспен байланыстырып, түрлі сарындағы ой орамдарын ұтымды жеткізеді.

Назерке Альбертқызы