ТЕКТІЛІК- АСЫЛ ҚАСИЕТ

ТЕКТІЛІК- АСЫЛ ҚАСИЕТ
жеке
блог

Халқымыздың ұлттық болмысын кеңінен ашатын түрлі тақырыптарды жаныма жақын тартамын. Сіздерде көненің көзі, бабалар ізі жайлы ақпаратпен қанық болсын деген ниетпен қазіргі Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сағындық Ордабековтың «Тектілік- асыл қасиет» атты мақаласын талдамақпын.

Қаны қазақтың қай салтын, қай дәстүрін, наным, сенім, тиымдарын алсақта өзіндік мәні, теңдеусіз тәрбиесі бар. Сондай бір тұғырлы тектіліктің тармағы- жеті атадан қыз алмау.

Бұл жайлы Сағындық Ордабеков өзінің мақаласында кеңінен тарқатады. Ол мақаласына «қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық жағымды салт-дәстүрлері бұзылмай әрбір қазақтың бойында жаңғырып тұрса қандай керемет. Солардың бірі – генетикалық заңдылық, яғни туыстар арасында некеге жол бермеу. Оның қай заманда енгізілгенін ешкім дөп басып айта алмайды.  Базбір деректер бойынша, ағайындастар арасында некеге жол бермеу заңдылығы Жәнібек ханның тұсында қабылданды дейді. Әз Жәнібек хан бірде елге аты шыққан емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлын шақырып: «Қандай дертке дауа жоқ» деп сұраған  көрінеді. Сонда емші: «Тұқым қуалаған ауруға ем жоқ», - деп жауап қатады. «Оның алдын алуға бола ма?» - дегенде, емші: «Жеті атаға дейін қыз алыспау керек. Жеті қазақ үшін қасиетті сан», - деген екен, Міне, сол Əз Жəнібек ханның дəуірінен жеті атаға толмай қыз алысқандарды қатаң жазалау туралы заң қабылданған. Адамзат баласында қазақ  ұлтынан басқа жұрттарда жеті атаға толмай қыз алыспау ұғымын тіпті кездестірмейміз» деп көтерілген тақырыптың шығу тегіне тоқталып, сіз бен біз білмейтін ақпаратпен сусындатты.

Сонымен бірге, «тағы бір түйінді мəселе – қазақ ұғымында адам бойындағы физиологиялық жəне мінез-құлқы ерекшеліктері ата-əке жағынан беріледі деген сенім қалыптасқан. Ал шеше жағынан туған бөлелердің отау құрғанына аса мəн берілмейді екен» деп, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. ...Күні бүгінге дейін сахараның жазылмаған заңы бойынша жеті атаға дейін бір-бірімен үйленуге рұқсат етпейтін қазақтан басқа жер бетінде бірде-бір ел жоқ. Міне, қазақ халқының даналығы тудырған орынды  мəңгі қалуға тиіс» деген ойды ұсынады.

Және бұл ойларын ғылыми тұрғыдан дәлелдеуді ұмытпайды. Өз сөзінде ол: «дəрігер ретінде қазақтың ертеден сақталып келе жатқан салт-дəстүріне сай халық медицинасы мен генетика іліміне негізделген «жеті атаңа дейін, яғни туысқаныңмен некеге тұруға болмайды» деген тұжырымды ерекше атап өтер едім. Соңғы аталған ұлттық заңдылық қай дəуірде енгізілгенін ешкім дөп басып айта алмайды. Бірақ оның дұрыстығын қазір əлемнің барша ғалымдары мойындап отыр» деді.

Онымен қоса, Майқы би мен Абайдың орамды ойларын мысалмен келтіріп, тектілік сөзінің төркініне тоқталды.

Сөз соңында, Сағындық Ордабеков ойын «Тектілік – ананың сүтімен, әкенің қанымен келетін ерекше асыл қасиет. Генетик-ғалымдарымыз  осы бағытта ізденістер жүргізіп, болашақ ұрпағымыздың дендері сау,  тектілік пен зерделілік  қасиеттері жоғары болуына ерекше  к.өңіл бөлуде. Әрине, бұл тек  ғ.алымдарымыздың қолында тұрған іс емес, ол бізге, яғни көпшілікке байланысты дүние» деп қорытындылады.

Назерке Альбетқызы