Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті-арман университетім

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университі- бұл керемет және арман университеті.

Қазақстанның ең көне университеттерінің бірі болып табылады. Бұл университет 1934 жылы құрылып , 87 жыл бойы жастарды білім нәрімен сусындатып, нағыз білікті мамандарды даярлап келеді. Мен еліміздегі ең ірі қаланың басты жоғары оқу орны және әлемдегі ең ірі жоғары оқу орындарының бірі болып саналатын жерде оқып жүрмін. Бүгінде онда әр түрлі елдерден келген азаматтар және қырық мыңнан астам студенттер оқиды . Мен осы аталған студенттер қатарына кіргеніме қуаныштымын.

ҚазҰУ — бұл мүмкіндіктер мекені, студенттерге өте үлкен мүмкіндік береді. Бұл университетте көптеген мүмкіншіліктер, көптеген факультеттер мен мамандықтар бар. Кез келген ҚазҰУ түскен студент өзіне керекті ең жоғарғы білімді алып шығады және жан-жақты салада дамиды. Менің университеттімнің атауыда Әл-Фараби деп аталуының өзі керемет және қасиетті естіледі, өйткені бұл ұлы белгілі Шығыс ғұламаның есімімен аталған. Университет аясында студенттердің көшбасшылық, ұйымдастырушылық, достық, жанашырлық қасиеттерін дамыту мақсатында көптеген кәсіподақтар жұмыс жасайды. Университетте студенттер мен жас ғылымдарға арналған ,,Фараби әлемі,, атты конференция өтеді. Бұл конференция әрине көптеген студенттерге дарындарын одан әрі жетілдіруге және мотивация береді. Мен осындай университетке оқуға түскеніме өте қуаныштымын. ҚазҰУ университеті түсү кез келген студенттің арманы деп ойлаймын. Бұл университетте мен өзіме қажетті де жеткілікті білім аламын.Өз мамандығымның иесі атанып шығатыныма сенімдімін. Алдыма қойған мақсаттарымның бірі бұл осы университетте жоғары білім алу болып табылады. Университеттің өзінің қалашығында студенттерге қызмет көрсету орталығы, компьютерлік орталық, медициналық орталық және жатақханалар және де Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер бар. Студенттерге ыңғайлы әрі барлық мүмкіншіліктер жасалынып қойған. Студенттер өздерін әрі қарай жетілдіру мақсатында Жас ғалымдар үйі, спорт кешені және стадион, студенттердің игілігі үшін өте ауқымды ,, Әл-Фараби” кітапханасы бар.ҚазҰУ университеттінде студент атанғаным өзімнің ерекше және асқақ арманым.

ҚаЗҰУ университетте оқып білім алуымның өзі мен үшін үлкен белес. Мен ҚазҰУ университетінде оқып жүргеніме қуанамын да мақтанамын. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде білім алып жүргенімді мақтанышпен айтамын!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.
Есептеу ғылымдары және статистика мамандығының 1 курс студентті: Атенова А.Ж.
Жетекшісі: Уразгалиева С.А.



Бөлісу: