Головкин Проксаны накаутқа апарды!!!

Бокс өте қызықты өтті. Головкин бірінші раундтан-ақ тізгінді өз қолына алып Полякты жеңіл нокдауынға жіберді. Қазақстандық боксшының қатты соққылары қарсыласына оқтын-оқтын тиіп жатты, бірақ Проксаның ыңғайсыз бокс мәнерінен, бұл соққылар оған айтарлықтай әсер ете қоймады. 

Төртінші раудта Гена  дәл соққылар жіберіп қарсыласын тағы да нокдаунға жіберіп еді, бірақ төртінші раунд аяқталып, поляк тағы шыдап бақты. Ал енді, бесінші раундта Головкиннің қатты соққылар дауылынан кейін,  тағы да нокдаунға құлап, ары қарай боксты жалғастыруға еш мүмкіндігі қалмады. Боксты тоқтатты.

Сонымен, сайып келгенде 30-жастағы Геннадий Головкин өзінің кәсіби бокс карьерасында 24-ші жеңісін аяқтады (еш жеңіліссіз). Соның 21-н таза нокаутпен аяқтапты! Жарайсың Гена!



Бөлісу: