Университетім-Мақтанышым

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi тек елiмiзге ғана емес , әлемге танымал оқу ордасы . Елiмiздегi университеттердiң алды екенiн де мақтанышпен айта аламын . 80 жылдық тарихы бар оқу орны бiлiм мен ғылымга бет бұрып , осы саланың дамуына үлес қосып жатыр . 14 факультетi , 100 - ге жуық кафедраны тiзгiндеп отырған , 20 - дан астам ғылыми институтты қамтыған университеттiң студенті болу кімге де болсын арман . Университеттiң табалдырығын аттаған сәттен бастап стандартка сай , бiлiм беру бағдарламасы нақты , барлық мүмкiндiктер қарастырылған оқу ордасы екен дiгiне толық көзім жетті . Оқу орнының тарихында ұлы ғалымдардың , зиялылардың , талай акынның жүрiп өткен жолы , калдырған iзi бар . Аталмыш білім ордасының жастарға берері өте көп . ҚазҰУ-терең бiлiм , жоғары мәдениет , тәртiп пен өнегеге толы ғылым мен шығармашылықтың мекенi. Ұйымдастырылған түрлі жобалар студенттік кезеңнiн ұмытылмастай етуіне мүмкіндік бередi . Оқытушылар құрамы бiлiмдi де бiлiктi кадрдан жасакталған , нағыз шебер мамандар . Тек елiмiздегi жоғары оқу орындарымен шектелмей , шетелдермен байланыс орнатып , тәжiрибе алмасуға таптырмас жағдай жасалған бұл университетте білім алудың өзi зор мақтаныш . Бұл жер студенттi жоғары мәдениетке тәрбиелеп , этика мен тәртіпті дәріптеу арқылы толыққанды тұлға ретiнде калыптастыруды мақсат тұтады . Университет алып Алматы шаһарында « ҚазҰУ калашығы » деген атпен белгiлi . Қалашықтын iшiнде студентке керектiң бәрi қамтылған . Студенттер сарайы , әл - Фараби кітапханасы , «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы ,
 стадион мен спорт кешені , студенттер үйі , әскери кафедра және тағы басқа ауқымды ғимараттар бар . « Студенттік шақ туралы талай жастын ыстық естелiкке толы әсерлі әнгiмесiн естіп , кызғана да кызыға карап жүрушi едiм . Студенттік емiрдi дәл осы университетте өткiзiп жатқаныма шексiз куанамын . Қиындығы мен кызығы қатар жүретiн албырт шақта тура жолға бастай білген оқытушыларыма алғысым шексіз . ҚазҰУ - дан алған білімім ұшан - теңіз . Сапалы бiлiм , адал дос , ең керемет сыйға студенттік өмiрдi тартқан қара шаңырағымды әрқашан ұлықтап жүремiн . 

Ниязбеков Ақниет,

Әл - Фараби атындағы КазҰУ -дың механика-математика 1 - курс бакалавраты 

Уразгалиева С.А жетекшілігімен

 



Бөлісу: