Қасқабұлақ

 

ҚАСҚАБҰЛАҚ

Мұхтар Әуезов атындағы совхоздың орталығы бұрынғы "Қасқабұлақ" колхозының негізінде ұлғайтылды. Ауылдың алдыңғы жағында көлмен жалғаса жатқан алаң бар. Дәл осы жерде 1957 жылы Мұқаң 60 жасқа толып, туған аулына келгенде, ауылдың еңбектеген жасы мен еңкейген кәрісіне дейін тосып алған. Мұқаң аса қатты қобалжып, сөз сөйлеген. Жерлестері Қанжирен дейтiн атақты бәйге атын мiнгiзiп, Мұқаңның тағы да бір балалық кезiн eciнe түcipiп, ардақтады. Жас баладай қариялар бауырына басып, көздеріне алған. Мұқаң Қанжирендi өзiнiң досы, сәйгүлiктердi жаратып данқы шыққан Тілеке ақсақалға беріп кетті де: Иесi өзiңсiң, бiрақ менiң атымнан қоса бер. Ал үстіндегі бала әрқашан да бәйгеге шапқанда "Абай!" «Абай!" деп жар салып, ұран тастайтын болсын",- деп кетті. Ат Мұқаңның тiрi кезiнде бәйгеден сан рет келді. Мұқаң мұндай хабарды естіген сайын Тілеке ақсақалға сыйлык жіберіп отыратын.

Совхоз орталығы кейінгі жылдары катты өсiп келеді. Мұнда орта мектеп бар. Екі қабат клубтың алдында Мұқаңның тамаша ескерткіші түр. Тұғыры сегіз метрге жуықтайтын бұл ескерткіш республикада Мұқаңа койылган ескерткіштердің ең келiстiсi. Оң қолын сәл бүгiңкiреп, алыска көз тастап тұрған ұлы жазушы туған елiнiң ертеңгiсiне көз жiбергендей. Совхоз клубының архитектуралык құрылысы мен оның қабырғаларына ойып жасалған бейнелер "Абай жолы" эпопеясының эпизодтарынан көріністер елестетеді. Мұхтар ағаның атына байланысты совхоз орталығы тез есiп келеді. Совхоз орталығы асфальттанып, биік үйлер көбейе бастады. Су құбыры тартылған. Кезең астында он мың малды бордақылайтын түгелдей механикаландырылған қалашық бар. Мұндайлық үлкен еңбек орыны совхоздың байлығын тез көтерiп, еңбекшiлердiң тұрмысын жақсартты. Совхоздың орталығы орналасқан жерді Шәкәрімнің қасқа бұлағы дейді. Көріп тұрсыз, совхоз орталығы да өзiнiң атақ-абыройына сай, тез жетіліп, тарихи орындардын көбiне белгілер қойылған. Бұл совхозды он екі жылдан бері өз аулының түлегі "Құрмет белгiсi" орденінің иегері Амантай Мұқатаев басқарып келеді. Содан бері Мұқан аулы ауданда ғана емес, Республикадағы ең ipi шapyaшылықтың бірі.

Бұл совхозға ұлы адамдардың еліне келушілердің тасқыны бір сәтке де толас тауып көрген емес. Бәріне де жол болсын тiлеймiз. Совхоз орталығы Қасқабұлақ жотасының солтүстік-шығыс бауырында. Міне, біз жотаны асып, батыска қарай ағып жатқан екінші бұлақтың басына келіп тұрмыз. Бұл бұлақты Абайдың Қасқабұлағы дейді. Абай аулы күздігүні мен жазғытұрым осы бұлақтың басында отыратын болған. Бұрқырап тастан шығып жатқан ағынның аяғы Ералы жазығымен ұштасып, Ащысу өзеніне құяды. Осы жерге 1845-жылы ескіше 10-тамызда киiз үйде Абай дүниеге келген. Бұлақтың басынан батысқа қарай созылған жазықтың дәл ортасындағы шалғыны жапырылмаған алаңға Зере бәйбіше мен Ұлжанның үйi тiгiлетiн болыпты. Сол себептен де күні бүгінге дейін, осы бір Абай дүниеге келген үй орнын ешкімнің басуға дәті шыдап көрген емес.

Абай бұл бұлақты жылдың екі мезгілінде жайлайтын болған. Біріншісі, Шыңғыс асып жайлаудан құлаған бетте. Абай аулы күз күндерінде бұл бұлакта ұзақ отырады екен. Жауынсыз жылдары бауырдағы қоныстардың көбiнде су тапшы болады. Қазылған құдыктармен көп малды суару күшке түседі. Сондықтан да бос суы мол әрі тұщы бұл қонысты Абай аулы ұзак жайлайтын. Абай дүниеге келген кезең қазақ жерiндегi талас пен тартыстын әбден етек алып кеткен кезі еді. Жалғыз-жарым ауылдар мен адамдар қалың елден алыстаса-ақ пәле-жалаға ұшырай берген. Мұндай жағдайдан зәрезәп болған ел қыстауларын жөндеп, шөп әзірлеу үшін жайлаудан бауырга тұтас құлайды. Бұл қоныста Абайдың "Күз", "Қараша, желтоқсан мен сол бiр-екi ай" дейтін атақты өлеңдерi жазылған. Жотаның екі жағында екi бұлақ екi жаққа қасқая тартқандықтан, бұл белді Қаскабұлақ жотасы дейді.

Осында тұрып, солтүстік батыста жаткан Шолпан биiгiне көз салыңыз. Шолпан

Қаскабұлақ  жотасының ең көтеріңкі жаткан белі. Ащысу өлкесіне тұмсығын тіреп, көсіліп барып тоқтаған тұрпаты қызық-ақ.  Ағын жағасында тұрған сәйгүлік дерсің. Шолпан - Абайдың әдеби хатшысы Мүрсейіт Бікі баласынын мекені.

Абай шығармалары Мүрсейіт көшiрмесiмен Петербург те басылды. Бiздiң заманымызға жеткен де оның алтыннан да қымбат қолтаңбасы.

Кәмен Оразалин

«Абай ауылына саяхат»  (Ұлы ақынның 150 жылдығына арналады), Алматы «Жалын» 1994ж, 128-130-беттер

 

 



Бөлісу: