• 451.09
  • 503.11
  • 4.92

ШАРУАНЫ НЕ АЛАҢДАТАДЫ?

ШАРУАНЫ НЕ АЛАҢДАТАДЫ?
жеке
блог

Егемен Қазақстан №66 (30295) 8 СӘУІР, ЖҰМА 2022 ЖЫЛ

         Жер аяғы кеңіп, бие құлындап, желіге байланған көкей айында солтүстікте шаруалар мәселесі шиелінісе түсті. Бұл жайлы «Егемен Қазақстан» газетінің биылғы алпыс алтыншы санында Оралхан Ахмадияның «Шаруаны не алаңдатады?» мақаласында сөз етілді.

         Аталмыш мақала жазылуына еліміздегі шиелініске толы шаруалар мәселесінің шаш етек болуы, әсіресе шағын шаруашылықтардың ұпайының түгенделмеуі түрткі болды. Осы орайда, «Шопан ата» мал өсіушілер ұлттық қауымдастығының өкілдері павлодарлық фермерлермен жүздесіп, проблемаларымен танысты.

        Соның ішінде отызға жуық шаруаның ортақ бірден- бір проблемасы- мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасының машақаты екен. Бағдарламаның мал ұстаған ағайынды қолдауынан шекера аса шетелден әкелген ірі қараны есепке енгізбей, субсидиядан қағып я берген күннің өзінде қайтарымын сұрап қорлауы көп. Сөйтіп, мәселеге терең бойлай түссе, бар гәп құжаттарда көрінеді. Неге десеңіз, малды тасымалдауға жауапты ресейлік мекемелер жалған құжат жасаумен айналысыпты. Ал оның кесірі қарапайым қазақ шаруасына тиюде.

        Сонымен бірге, мақалада төлемін толық төлеседе түлік атаулыға қол жеткізе алмай жүрген шаруалар жайыда тілге тиек етілді. Шаруашылық қостанайлық компартияның салғырттығынан жапа шегуде. Дегенмен олар бұған шетелдік әріптестерін кіналауда. Енді, кінәнің кімде, кінараттың неде екенін алдағы уақытта сот шешпек.

        Артынша, өңірдегі мал қорымдарының жай күйі қаралды. Жағдай мәз емес. Түйіткілді мәселе түйінін шешпек болған тұлғаларға шаруашылық иелері күманмен қарайтындарын жасырмады. Әрине, бәріне уақыт- төреші.

       Онымен қоса, мақалада ветеринариядағы, ақпарат таратудағы қиындықтар, кадр жетіспеуі мәселелеріне кеңінен тоқталып, тарқата түскен.

       Жиында ауыл шаруашылық техникасының жиі қымбаттайтындығы да айтылыпты. Тіпті, мемлекет тарапынан  қарастырылған өтемақы мөлшері де азайған. Қосалқы бөлшекетерді шетелден алуға мәжбүр. Бұл тұрғыда автор, техникасыз шаруалардың күні қараң екенін, сондықтан техника паркін жаңарту ісіне көңіл бөлу керек екенін жеткізді.

      Қорыта келгенде, мақалада шаруалар көтерген мәселелер сөз болды. Мақаланы кез- келген сала мамандары, кез- келген адам оқи отыра іштей түйіндей алады. Оның үстіне, еліміздегі аса ірі мәселе жайы сөз етіліп, толық жеткізілген.

Назерке Альбертқызы

Әл- Фараби атындағы 

Қазақ Ұлттық Университетінің

студенті