Ескерткіштер - елдігімнің белгісі

Ескерткіштер - елдігімнің белгісі
жеке
блог

Ескерткіштер- елдігімнің белгісі

           Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні 1984 жылдан бастап жыл сайын 18 сәуір күні атап өтіледі.  Мерекенің бас­ты мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау және мәдени мұраны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару.

                Ескерткіштер – ел тарихы немесе тарихи-мәдени мұра халық тарихының аса маңызды айғағы, адамзаттық өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде барлық қауіп-қатерден тұрақты түрде қорғап отыруды талап етеді. Осы бағыттағы ха­лық­аралық актілердің арасынан 1954 жыл­ғы «Қарулы қақтығыс кезінде мәдени мұра­ларды қорғау туралы», 1972 жылы ЮНЕСКО-ның «Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны  қорғау туралы», 1979 жылғы «Мәдени мұраларды заңсыз тасымалдау және оларға деген меншік құқығын беруге тыйым салу шаралары туралы», 1988 жылғы Кеңес Одағының «Дүние­жүзілік мәдени және табиғи мұра­ны қорғау туралы» конвенцияларын атауға болады. 

    Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебі де секерткіштерді қорғау күніне 5-18 сәуір аралығында арнайы жоспар құрып, іс-шаралар өткізуді бастап кетті. Ауыл аймағында орналасқан ескерткіштердің аумағын тазалау, сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Мектеп кітапханашысы Э.Оразова ескерткіштер туралы  арнайы көрме ұйымдастырып, оқушылардың білім көкжиегін кеңейтті.  1-11 сынып жетекшілері «Жер шежіресі –ел шежіресі» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.  5-6 сынып оқушылары  Ұшқоңыр ауылындағы «Атамекен» тарихи-мәдени экскурсияға барып, туған өлкеміздің мәдениеті мен тарихын терең  ұғынды.

     Тарихи- мәдени ескерткіштерді қорғап, сақтауға үлес қосуға және келешек ұрпаққа аманат етіп қалдыру – біздің әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз. Сізді де осы шараға ат салысуға шақырамын.

 

                                                              Ж.Бәрібаев атындағы орта мектептің

                                                           қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

                                                           Қараева Айдана