Мүгедектерді әлеуметтендіру

Мүгедектерді әлеуметтендіру – бұл мүгедек әлеуметтік маңызды нормалар мен құндылықтарды, сондай-ақ мінез-құлық стереотиптерін меңгеретін өте күрделі процесс. Мүгедектердің жағдайын жақсарту Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың басымды бағыттарының бірі болып табылады.

Мүгедектігі бар азаматтар қоғам өмірінің барлық аспектілеріне қатысуға бірдей құқығы бар. Бірдей құқықтар табиғи, психологиялық, сенсорлық, мәдениеттік, заңдылық және басқа да тосқауылдарға байланысты шектелген мүмкіндіктерді түзететін әлеуметтік қызметтің жүйесімен қамтамасыз етілуі керек. Осы тосқауылдар қоғамның басқа да мүшелері сияқты негіздермен мүгедектің қоғамға интеграциялануына мүмкіндік бермейді.

Мүгедектік – бұл тек қана медициналық проблема емес, бәрінен бұрын ол – бірдей емес мүмкіндіктер қорытылған әлеуметтік проблема. Мүгедек әлеуметтік жұмыстың обьектісі ғана емес, қоғамдық өмірдің белсенді субьектісі және өз тағдырын жасаушы. Бұны мүгедек – балалармен және олардың отбасыларымен, жас мүгедектермен жұмыс жасайтын әлеуметтік қызметкер есте сақтауы керек, себебі дәл осы жаста олардың өзіндік ерекшеліктері қалаптасады.

Мүгедектікті осылайша қабылдау, соған сәйкес мүгедектермен әлеуметтік жұмыс жүргізу дамыған елдерде басты назарда болып келеді. Ол Қазақстан республикасының әлеуметтік саясатында да, қоғамдық пікірде де тұрақталып отыр. Мүгедектерге қатысты республикада жүзеге асырылып отырған әлеуметтік саясаттың өзекті мәселелеріне оларды басқа адамдармен бірдей құқықтары мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету, оны өмірлік маңызды әрекеттеріндегі шектеулердің көзін ғана жойып қоймай, толықтай өмір сүруге, қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саяси өміріне белсенді қатысуына жағдай жасау жатады.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің

Дінтану мамандығының 4-курс студенті

Жанадилова Аружан

Жетекші: Аға оқытушы,

PhD Мұқан Нұрзат

www.kaznu.kz



Бөлісу: