ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕРРОРИЗМ ЖӘНЕ ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕС

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕРРОРИЗМ ЖӘНЕ ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕС
жеке
блог

Діни экстремизммен күреспес бұрын, оның алдын алудың маңызды екенін айта кеткен жөн. Себебі, діни экстремистік топтардың идеологиясымен теріс жолға түскен адамдардың санасын қайтадан қалпына келтіруге көп күшжұмсалады және көп ретте бұл жұмыстардың нәтижесі өте қиын болады.

   Экстремизм термині латынша сөзбе-сөз(лат. Еxtremus-шеткі) деген мағына береді яғни шектен тыс көзқарастармен әрекеттерді ұстану, қоғамдағы тәртіппен нормаларды жоққа шығару ретінде анықталады. Экстремизм бұл əр уақытта əр қалай көрініс беретін өте күрделі құбылыс. Оған анықтама беруде эксперттік ортада əртүрлі түсінік бар. Оны екі топқа бөлуге болады: бірінші топ экстремизмді бір сөзбен негативті жəне əлеуметтік қауіпті құбылыс деп бағалайды. Бұл бағытты ұстанушыларды «консерваторлар» деп белгілеугеболады. «Консерваторлар» бағытындағылар негізінен ғылыми академиялық орта, сонымен қоса құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

    Зерттеушілердің бір бөлігі бұл мəселені салыстырмалы түрде, жіктепқарастыруға тырысады. Оларды шартты түрде «либералдар»деп атауға болады. Либералдар экстремизмді жағымсыз құбылыс деп анықтаудан бас тартады.Мысалы Ресейдің адам құқығы институтының эксперті Лев Левинсон экстремизм бұл əртүрлі құбылыстарды кеңінен алатын іс-əрекеттіңмүмкіншілігі. Сондықтан экстремизмге шек қою мүмкін емес. Экстремизм қылмыс емес. Бұған əлемдік марш сияқты ортақ құпталған шеңберден шыққаніс-əрекеттің бəрін кіргізуге болады дейді. Сонымен қоса қоғамдық құрылысқақарсы құбылыс болса, құқықты шектеуші ретінде анықтау дұрыс емес. Себебікейбір əлеуметтік наразылықтар да (аштық жариялау, мемлекеттің кейбірқаулыларына қарсылық марштары) қоғамдық қауіпті феномен деп анықталыпкетуі мүмкін болар еді.

   Ал, діни экстермизмге анықтама берер болсақ - қоғамда қалыптасқан діниқұндылықтар мен ұстанымдарды мойындамау, сонымен қатар осыған қарсы«идеяны» аггресивті түрде насихаттау.

Алайда, «Діни экстермизм» терминінің нақты құқықтық белгіленген «шекарасы» жоқ және ол саяси эксремизм сияқты діни догмалардың арасындақызметін жүргізеді. Діни экстермизмнің көрінісін саяси қызығушылықтарыніске асыру жолындағы, мемлекеттік және халықаралық құқықтымойындамайтын діни ұйымдардардан байқаймыз. Мысалы кейбір ұйымдардыңзайырлылықты құптамай шариғи, яғни халифалық билікті қолдауы.

Діни экстремизмнің пайда болуына мына факторлар себеп болады:

Кедейлік – әлеуметтік экономикалық тоқырау, жергілікті тұрғындардың көпбөлігінің өмір сүру деңгейінің күрт түсуі, мемлекеттік басқару жүйесі мен саясиинституттардың деформациясы;

Қысым – саяси режимнің тоталитарлық сипат алуы, биліктегілердіңоппозицияны басып тастауы, еркін, жаңаша ойлауды қуғындау, ұлттық қанау;

Әділетсіздік– жеке топтардың өз міндеттерін шешуін жеделдетуі, лидерлердіңсаяси амбициялары;

Сауатсыздық – қоғамдағы жаппай сауатсыздық, діни сауаттың төмендігі, мемлекеттік білім мәселесіне мән бермеу