Ислам дінін насихаттаудағы проблемалар

Ислам дінін насихаттаудағы проблемалар
жеке
блог

Уағыз - нәсихат ілімі Ислам діні бойынша «Дағуат» деп аталады. Дағуат терминіңшариғатымызда екі түрлі мағынасы бар. Біріншісі – қарапайым адамдарды оқыту ісі, дін және тіршілікістері жөніндегі ұғымдарын кеңейту, әр бірадамның өміріндегі мақсатын түсіндіруге, тура жолға түсіруге жағдай жасау. Екіншісі – дағуаттыңИсламды таратуға, оны адамдардың санасынажеткізуге қатысты мағынасы. Аллаһтың діні – жержаһанды мекендеген халықтарға тура жол көрсетуүшін келген. шақыратын Исламда проблема жоқ. Басты мәселе, Исламға шақырған адамнантуындайды.

Исламның үкімдерін толық білмей, жалған сезімніңжетегінде жүріп исламды жаямын деушілердіңкесірінен көптеген проблемалар туындайды.

Егер де әрбір мұсылман, Хаққа шақырғанда Ислам ілімі мен ондағы үкімдерге көңіл бөлмей, Құранмен сақиқ хадистермен толық мәліметі болмай, тек қана ғалымдардың айтуымен шектелер болсаИсламның негізінен ұзақтайды. Ол өз ойынакөбірек сүйеніп адасуымен қоймай өзгелерді де адастырады. Өйткені, сезімдер ғылымменсәйкеспеген жағдайда нәпсісінің дегеніне көнуіәбден мүмкін. Ол мұның парқына бармайды. Бәрібаз қалпында қала береді.

Міне дағуаттың басты проблемалары осыдантуындайды. Осының нәтижесінде бір-бірінеұқсамайтын мың бір түрлі мәселелер туындапжатады. Бұлардың ішіндегі ең қауіптісі, адамдардыжақсылық жасаймын деп жамандық жасауында. Өйткені олар, адамдардың санасында қате пікірқалыптасуына себебші болады. Осылайша Исламғакүйе жағу осыдан бастау алады.

Мұндай проблемалар шаш етектен асады. Бірақменің олардың барлығын тізіп жатуға шамамкелмейді. Олай болса солардың ішінен ең маңыздыәрі қауіптілеріне тоқталып өтелік. Оларды үшеудеуге болады. Ал енді оларға жеке-жеке тоқталып, құтылу жолдарын да айталық.

Бірінші проблема

Күпірлік мәселесі

Нәпсісін Құран мен сүннеттің үкімі мен қағидаларымен жүргізе алмаған адамдардыңбойында ашудың әсерінен туындайтынпроблемалардың ең маңыздысы күпірлік мәселесі.

Ең алдымен мұсылман үмметінің сәләфи жәнехарижиден басқа барша мұсылман ғалымдарыныңкелісіп, бір түйінге келген қағидадан бастайық. Осы қағидаға келіспейтін харижилер болса, Құранмен сүннетке қайшы келетін өзгеше пікірдіайтатындықтары ижмамен (ғалымдардың келісімі) бекітілген.

Біз мұнда, адамдарды кәпір әрі мұсылман депсипаттауға себебші болған қағидадан бастайтынболамыз.

Адамды қарсы шығуға итермелейтін әрекеттеркөптеп кездеседі. Оларды үш негізде топтапкөрсетуге болады:

Біріншісі: Итикад (Сенімдері). Адамның, иман мен Ислам негіздерінің біреуін мойындамауы немеседіндегі адал нәрсені арам, арам нәрсені адал деунәтижесінде пайда болады.

Аллаһтың бар екендігі, өлгеннен кейін тірілу, жұмақ пен тозақ, намаз, ораза, зекет пен хаждыңпарыз екенін... Зина мен парақорлықтың арам екенін мойындамау сияқты.

Екіншісі: Амалдар (Іс-әрекеттер) Күпірліккеитермелейтін әрекеттердің бірі ислам негіздерінеқайшы әрекет істеу. Пұттың алдында бас ию, мойнына крест тағу оны сүю... Өзге дін өкілдерініңкиімін кию. Яғни олардың діни үлгідегі киімдерінкию... Мұндай көріністер күпірлек сөздер кем түспейді. Бірінші мысалда, пұттың тәңір екендігінесену болса екінші мысалда, Әз. Исаның айшыққаасылғанына сену.

Егер де осы әрекеттрді адам өз қалауымен істерболса, қарсы әрекеттер істеген болып есептеледі. Адам мұны істегенде қандай оймен істесе де ешқандай айырмашылығы жоқ.

Үшіншісі: Келеке мазақ қылып, менсінбеу. Мұныңбелгісі ислам пренциптері мен үкімдерініңбіреуімен мазақтап ойнау. Мәселен, намаз, хаж, ораза, жұмақ немесе тозақпен ойнау немесе Құраннемесе Пайғамбарларды келеке қылып, азан мен мешіт, зікір секілді Ислами рәміздерге немқұрайлықарау.

             Жетекшілер: Бағашаров Құдайберді, Мұқан Нұрзат