Қазақстандағы адам құқықтарын қазақ тілінде талқылау

Қазақстандағы адам құқықтарын қазақ тілінде талқылау
жеке
блог

           26 ақпан күні “Құқығына қарай” жобасының кезекті талқылауы өтті. 

           Бұл жоба Human Rights Hub аясында Қазақстан үшін маңызды әлеуметтік және саяси өзгерістерді талқылап, адам құқықтары мен азаматтық қоғам туралы пікір алмасу үшін құрылған. Қазақ тілінде өтетін талқылаулардың спикерлері - азаматтық белсенділер, сарапшылар, зерттеушілер және құқық қорғаушылар. 

           Бірінші кездесу “Ғылым мен зерттеу мемлекеттік саясат және адам құқықтары аясында” тақырыбына арналды. 

           Бұл кездесуде әлеуметтанушы, phD кандидаты, PaperLab ҚҚ негізін қалаушылардың бірі, мемлекетті саясат бағытында зерттеуші Серік Бейсембаев және тілтану маманы, жас зерттеуші, Назарбаев Университетінің түлегі, “Kazakh Bubble” жобасының негізін қалаушы Бибарыс Сейтақ сынды сарапшы спикерлер болды. 

          Qazaqsha Jaz қозғалысының негізін қалаушылардың бірі Мақсат Арзаман талқылаудың модераторы болды.

          Бұл талқылауда спикерлер жобалары туралы таныстырып, зерттеудегі тәжірибелерін бөлісті. Қазақстандағы адам құқықтары және әлеуметтік жағдай туралы сөз қозғады. 

          Әлеуметтанушы Серік Бейсембаев “Қазақстанда студенттік институт өте әлсіз. Қоғамның ең белсенді бөлігі деп жастарды  атау үшін ол топ өте бейтарап әрі пассив. Оның барлығы мектептегі, жоғары оқу орнындағы авторитарлы биліктің арқасында” дейді. 

         Ал тілтанушы Бибарыс Сейтақ тілді зерттеу барысындағы тәжірибелері мен тілдердің ұқсастығы, айырмашылығы туралы айтып берді.

         Жобаға әртүрлі жастағы көрермендер қатысып, көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. “Құқығына қарай” жобасы әлі де әлеуметтік маңызы бар тақырыптар туралы талқылау өткізеді.  

                                     

                                                                                                                 Салтанат Шерхан

                                                                                                Еуразия Ұлттық Университеті