Талапкерге хат
жеке
блог

Талапкерге хат


Алланың төгіп жатқан нұрымен сырласа жазылған қаламұш. Әр күн жаңбырлы болғанына қарамастан, көңіл-күй көтерулі. Уақыт зымырап өтуде. Осыдан 1 жыл бұрын «Эхх, бір жылдан соң қайда кім болып жүреді екенмін?»- деп жүрген едім. Кешегі мақсат, бүгінгі нәтиже.
«Сенің қолыңнан келеді. Тауды қопара алатын күшің бар. Бұл соңы емес»- сынды мотивациялық сөздерді жиі еститін сәт екені анық. Дегенмен, бұл мотивациялық сөзден гөрі ата – анамның жылы сөздері мені алға жетеледі. Анамның: «-Қызым, сенің жаупапкершілігің жоғары мен саған сенемін» дегені ҚазҰУ-ға түсуіме себепші болды. Бастысы өзіңді жоғалтпа, алтыным. Қаймықпа, бұл үлкен өмірге кірердегі кішігірім сынақ. Шыңдал. Сынба. Осы кезде биікке жетесің. Өмір шахмат сияқты ақ пен қара орынды, бастысы барлығын ақ жолақты етіп қабылда.