• 453.22
  • 503.11
  • 4.95

Тәрбие тал бесіктен басталады

Тәрбие тал бесіктен басталады
жеке
блог

Қазақ даласы баласын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген.
Ең әуелгісі балам ,-ұят болады.
Ұят болады ,-дегені сол әулеттің бетіне шіркеу келтірмесін,тектілікке сызат түсірмей,абыройын биік ұстасын - дегені.
Екіншісі жаман болады.
Жаман болады - дегені жақсыдан үйреніп,жаманнан жиренуге шақырады.
Ең соңғысы обал болады.
Обал болады ,-дегені әр нәрсенің қадір қасиетін біліп жанашырлыққа баулығаны. "Тәрбие тал - бесіктен ",- деп жастайынан үлкенге құрмет көрсетіп,кішіге ізеттілікпен қарауға,көкірегі ояу көзі ашық болуға бейімдеген ата-бабамыз.
Бірақ, өкінішке орай қазіргі жаһандану заманында жастарымыз Батыс Еуропаға,шетелдерге ұқсап бағады.Ұлдарымыз сырға тағып,шаш боятса,қыздарымыз етектерін түріп, кіндігін ашуда.Әрине,көпке топырақ шашудан аулақпын "Бір қарын майды,Бір құмалақ шірітеді ",-деген халықта мақал бар.Бұл жағдайдың кең етек алуын жою үшін,әлеуметтік желілерден салт-дәстүрлерімізді ,қазақи құндылықтарымызды кеңінен насихаттау.Киелі сахнаға "Сен тұр ,мен атайын",-деген кіл мықтыларды шығару.
Отандық өлең-өнерді де өрлетпесек,өрден құлаймыз. Әлемді дүрліктерген неміс фашисті Адольф Гитьлердің жазған еңбегінде "музыка сананың өзгеруіне үлкен ықпал етеді ",-деген екен.Өз қазақи құндылықтарымызды сақтап қалуға ,тал теректің тамырына жармасқандай ,бабалар мирасына жармасайық!Көпшілігіміз байқамаймыз ,алайда он адамның ішінен бірі пікірін білдірсе бірінен соң бірі еліктеп кетеді екен.Әр халықтың да оңды - солды қыңыр жақтары бар. Бастысы дұрыс ара жігін ажырата білу. "Ел боламыз десек"-,бесігімізді түзеуіміз керек!Болашаққа жарқын жол жастардың қолында!!