
блог
Журналист эстетикасы
Журналист- жаңалықты, жаңа дүниені әрі жаңашылдықты жаһанға жеткізе білетін маман иелері. Осы мамандықтың да өздеріне тән ерекшеліктері болады. Ерекешелік ол- киіну үлгісі, қолданатын дүниесі және бастысы қабілетінде. Журналистің эстетикасына қойын дәптер,қалам, классикалық үлгідегі киімдер, микрофон, диктафон сынды дүниелер кіреді. Оқу орындарында журналистің этика және эстетикасын оқытып,үйрететін пәндерде ашылған. Мысалы, Еуразия Ұлттық Университетінде арнайы «Имиджеология» пәні жүргізіледі. Сонымен қатар журналистің қойын дәптерінің әдемі,тартымды болуы да жазуға деген құштарлықты оятады. Ұқыпты киініп, әдемі қойын дәптермен қалам ұстап брифингтер мен келіссөздерге барса, міндетті түрде оны сауатты журналист деп қарастырады. Журналист және киімді де келістіріп киюі тиіс. Егер сіздің киіміңіз бен шаш үлгіңіз сай болмаса сізді сұхбат алуға жібермей қоюуы әбден мүмкін. Егер сіз тележүргізушілікке қызықсаңыз талап күшейеді. Сіз имиджіңізден бөлек дене бітіміңіз бен сымбатыңызға да көңіл бөлуіңіз қажет. Көрер көзге сіздің әдемі болып тұрғаныңыз әрі әдемі сөйлегеніңіз әсер етеді. Қабілетіңізбен қатар сіздің сырт келбетіңіз де үлкен рөл атқарады. Мамандыққа деген қызығушылық пен бейімділік тек бойдағы талант пен қабілеттен тұрмайды, ол сонымен бірге сол мамандықтың ішкі әлемімен,яғни, эстетикасымен де қызықтырып, болашақ маманды өзіне баурап тұрады. Әсіресе қыз балалардың журналистика мамандығына түсуінің алғы шарттары осы шығар деп те ойлаймын.
Қазір технологияның дамыған заманында қалам, қағаз қолданудың рөлі бұрынғыға қарағанда азая бастады. Оған себеп, шағын ноутбуктер мен планшеттердің пайда болуы. Қазір болған жаңалықты сол мезетте осы құрылғылармен жазып, бірден сайттарға шығарып жіберу тиімді. Журналистің этикасына да осы құрылғыларды жатқызуға болады. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін журналистика мамандығыныңда өзіне тән ерекшеліктері көп.
Габдсалимова Ақбота
Еуразия Ұлттық университеті