Үйсіз жануарларға қамқорлық

Үйсіз жануарларға қамқорлық
жеке
блог

Нұр-Сұлтан қаласында қыс 3 айдан артық уақытқа созылады.Елорданың қатты аязы үйсіз жануарлардың өмір сүруін қиындатады. Оларға жылы баспана, жейтін азық қажет. Мүмкіндігі келгенше үйсіз жануарларға көмектесуге тырысатын арнайы жануарлар үйі қаламызда жоқ емес.

Қыс мезгілі - үйсіз жануарлар  үшін ең бір қолайсыз кезең. Егер иттер қатты аязға төтеп бере алатын болса, мысықтар үшін -14 градустан төмен температура өлімге әкелуі мүмкін. Төрт аяқтылар үшін осындай қиын уақытта “Я живой” үйсіз жануарларға арналған паналау баспанасы әлемді сәл де болса жақсырақ етуге тырысуда. Жануарлар үйі 2019 жылдың қаңтар айында жұмысын бастаған. Приютті ашу туралы ой кездесоқ келгендігін және осындай үлкен масштабта жұмыс жасау жоспарда болмағанын айтады мекеме директоры.  Қазіргі таңда мұнда 200-ден астам жануарлар қамқорлыққа алынған, олардың көбісі мысықтар.

Приютке әкелінген үйсіз жануарлар алдымен зарарсыздандырудан  өтеді, кейін жұқпалы ауруларға қарсы арнайы вакцина салынады. Егер жануардың денсаулығында бір кінәрәт болса, мал дәрігері шақырылып, жануардың емін бастайды. Ем барысында жануар арнайы торда ұсталыда да, жазылған соң мекемедегі басқа төртаяқтылар қатарына жіберіледі.

Әсіресе қыс мезгілінде мекеме жануарларды көп қабылдайды. Себебі суық ауа райы төртаяқтылардың тіршілігін қиындатады. Оларға жылы баспана, жейтін азық, ерекше күтім қажет. Осы жауапкершіліктерді жануарлар үйі өз мойнына алады.

Айта кету керек, “Я живой” жануарлар үйіне мемлекеттен қаржылай көмек берілмейді. Мекеме тек қайырымды адамдардың көмегімен қаржыландырылады. Сонымен қатар, приютке жануарлармен уақыт өткізу үшін келуге болады. Бұл жануарларға да ұнайды, әрі қызметкерлерге де қосымша көмек болар еді дейді мекеме директоры. Әрбір қалауы бар жан ұнаған жануарды үйіне алып кетсе болады. Приюттегі әрбір ит пен мысық өз үйін тауып, отбасы жылуын сезінгісі келеді.

Қайтарымына ешнарсе сұрамай, жануарларға қамқор бола алатын осындай мейірімді адамдардың бары жаныңа жылу сыйлап, көңіліңді қуантады.