ШҚО тұрғыны иттерін қақпанға түскен бұлғынмен тамақтандырған

ШҚО тұрғыны иттерін қақпанға түскен бұлғынмен тамақтандырған
жеке
блог

Ақпан айында Алтай аудандық полиция бөлімінің табиғатты қорғау инспекторлары «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде заңсыз аң аулады деп күдікке ілінген ер адамды қолға түсірді.

Мәселенің анық-қанығына үңілу барысында 59 жастағы тұрғынның былтыр желтоқсан айында өз омартасының маңынан бірнеше бұлғынды көргені белгілі болды. Жабайы аңдар аралар тұрақтайтын күркені паналаған.
Содан төрт қақпан дайындап, бұлғындар күркеге кіретін жолға құрып қояды. Өзі омартада түнеуді жөн көріп, әліптің артын баққан. Анықталғандай, сол күні кешкісін «шақырылмаған қонақтардың» бірі қақпанға түсті. Келесі күні тағы үшеуі ілініп, ер адам олардың терісін сыпырып иттерін тамақтандырған.
– Жауап алу кезінде ер адамның аң аулауға лицензиясының жоқтығына қарамастан заң бұзғаны анықталды. Келтірілген залал 450 мың теңгеден астам сомаға бағаланып, ер адамға міндетті келу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды, – деліген мәліметте.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігіне (Заңсыз аңшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оның санкциясымен 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы көзделген.