Тәуелсіздік-қасиетім қастерлім!

Тәуелсіздік-қасиетім қастерлім!
жеке
блог

Тәуелсіздік дегенде “ұлтым,жерім” дейтін әрбір қазақ елінің ұл-қызының айтар ойы болуы хақ.Менің де елдігіміз жайлы жүрегімнен жыр есіліп, ойымды осындай өлең жолдарымен бастауды жөн көрдім.

Тамырын тереңге тарихқа үңілер болсақ, 2 ғасыр бойы құрсауда қалған қазақтың тағдырын тәуелсіз етпекші болып қаншама қоғам қайраткерлері, еліміздің елеулі ерлері мен азаматшалары тер төкті.

 


Өткен ғасырдың аяқ кезінде жарты әлемнің жерін алып, мұқым адамзатты аузына қаратқан кеңестік қызыл империяның іргесін шайқалтқан, төрткүл дүниеге серпін берген әйгілі Желтоқсан оқиғасы орын алды.”Желтоқсанның жастары” боздақтай жанын беріп, қаһарлы күннің қаһарына ұшырасып, қол жеткізген тәуелсіздікті халық әлі күнге есінен шығарған жоқ, шығармайды да.Келер ұрпаққа кемел адамдардың рухын дәріптеп, оқиғаның тәуелсіздікке, дәл осындай егемендік жайлы әрбір ойға әрқашан негіз болуы тиіс.

Егеменді еліміздің көк туы көк аспанда мәңгі желбіреп, қасиетті тәуелсіздігімізді қастерлей білейік!