• 450.46
  • 503.11
  • 4.86

Ахмет Байтұрсынов-публицист

Ахмет Байтұрсынов-публицист
жеке
блог

 Ахмет Байтұрсынов- қазақтың өмірі мен келешегіне шынайы жанашыр болған, оның ұлт ретінде сақталуында, бағыты мен жолын айқындауда терең әрі кеңінен ой пішіп, байымдаған ұлы тұлға. ХХ ғасыр басындағы оқу-ағарту ісі қазақ қоғамындағы басты мәселелердің бірі болды. А. Байтұрсынов жазу, алфавит мәселесін қарастырып, араб әліппесін қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіру мақсатымен өз­герістер ен­гізумен шұғылданды. Оның публицистік қызметінің осы қазақ публицистикасының, басылымдарының қалыптасып даму тарихымен тығыз байланысты екенін анық байқаймыз. 
    "Аса қадірлі замандасымыз, бас жазушы" мақаласында: "... газетті қазақтың қара тілімен жазғанымыз ұнамсыз көрінсе, ол кемшілігімізге кешу өтінеміз. Жұрт үшін шығарылған нәрсе жұртқа жақын болуы тиіс…”- деп газеттің тіліне де үлкен талаппен қараған. Ахмет Байтұрсынов өз мақалаларында тілдік құралдарды метафоралар, фразео­логизмдер, теңеу, эпитеттермен қатар, салыстыру, қарсы кою, ойды үдетпелі түрде беру әдістері қолданған. Ол кісі өз заманына сай халықтың түсінігіне сай сөздерді пайдаланған. 
    Публицист Ахмет белгілі бір уәждемелер негізінде сөздердің жаңа тіркестерін қолданып, көп жағдайда жадағай, жаттанды қолданыстардан қашқан. Көсемсөздің шебері халқына не керегін жақсы білген адам. Публицистикадағы фразеологизмдерді жиі қолдану газетті халыққа мейлінше жақындата түскен. 
  Байтұрсынов публицистикасы жанр жағынан әр алуан. Олар қоғамдағы мәселелер қозғалған мақалалар, сыни мақалалар, ақпараттық хабарламалар, хаттар. Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсыновтың публицистикасынан белгілі бір ерекшеліктерді байқадым. Мәселен, публицистің авторлық ұстанымы (принципі) халықтың өмір тіршілігіне, ұлттық танымына таныс ұғымдар мен түсініктерді дәлел ретіңде салыстырып  қарсы  қою. Оқырманның назарын қажетті нәрселерге аудару үшін салыстырма мәнді құрылымдар қолданып отырған. 
  Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің реформаторы, теоретигі әрі қазақ тіл білімінің атасы. Публицист ретінде де өте сауатты жан болып, тіліміздің, бізге мұра болып қалатын еңбектердің сапалы, мінсіз күйде жетуіне себепкер ұлт зиялысы. Ол халыққа ғылым-білімнің қажеттілігін түсіндірумен ғана шектелмей, білім беру ісін жолға қоюға күш салды.

 

Әл Фараби атындағы

қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің 1 курс студенті: Есенгелдиева Айгерім