Шоқан Уәлиханов - публицист

Шоқан Уәлиханов - публицист
жеке
блог

Шоқан Уәлиханов жұлдыздай жарқ еткен ғұмырының сүзбелі сәттеріндегі,
ғылыми зерттеулері мен пікірлері қай уақытта болмасын құндылығымен
жарқырары сөзсіз. Қазақ халқының рухани біліктілігін арттыруды көздеген
жарқын бейне публицист екенін бір білсе, енді бірі аңғармай жатады. Осы
тұста, "Сот реформасы туралы" мақаласын талдамақшымын.


Шоқанның өмір сүрген дәуірі орыс үкіметінің тұсында еді. Реформалар
арқылы қазақ жеріне билік жүргізген үкіметтің бұл жолғы шешімі тым
шектен шыққаның дәлелі іспетті болған-мыс. Иә, елдің мұң-мұқтажын,
қазақ халқының дәстүрінің сабақтасқанын елеп ескермей, билер мен
сұлтандардың сөзіне сүйене шешім шығыру халықтың ашынуын әкелері
сөзсіз. Бұл мақала право мәселесін көтіріп қана қоймай әлеуметтік
мәселелергеде мән бере түскен. Әйел теңдігі, неке яки қазақ елінің күнделікті
өміріндегі жағдайыда бейнелеген. Өзіндік ықшам ой мен әлауқатты,саясаттың сергелдеңін бейнелей түскее осы мақалада сол заманның
бұлыңғыр тұсы қатар бейнеленген.


Сөзімді қортындылайтын болсам, тарихтың кереғар тұстарын өз
тақырыбында өңдей тұсіп, елінің қамын ойлаған нағыз публицист- Шоқан Уәлиханов.

 

Нұрайым Қазнабек

Әл-Фараби атындағы

Қазақ Ұлттық Унивеситетінің

студенті