«Сарыарқа» газетіндегі Жүсіпбек Аймауытовтың қолтаңбасы

«Сарыарқа» газетіндегі Жүсіпбек Аймауытовтың қолтаңбасы
жеке
блог

 

   «Ұлт қамын ойлап, шарқ ұрған», «Сарыарқа» газеті әлі де болса толық зерттеліп өзіндік бағасын ала қоймады. Газетте: Алашорда өкіметін құру, қазақ мемлекетін жасау, жоғалған елдігімізді қалыптастыру сынды өзекті мәселелер қозғалды. Осы газет кезінде ел, жер қамын ойлаған біртуар азаматтарымыздың да мақалалары жар ық көріп отырды. Олардың бірі публицист, жазушы- Жүсіпбек Аймауытов.

   Жүсіпбек- тамаша ақын, өрелі ойлы публицист және мықты драматург. Оған басты дәлелдердің бірі, ақпан төңкерісі тұсында патша тақт ан түсе сала салмақты мақала жазғандардың бірі. Оның ұлтжанды, нағыз күрескер ақын екенін «Партия» мақаласынан байқауға болады. Осы ұғымға жан- жақты мәлімдеме беріп, нағыз қазақтың партиясы қандай болу керегін айқын жазды. Жүсіпбектің сол бір мақалалары арқылы тың дүние алып, қоғамға қандай дүние жетіспейтінін біліп қана қоймай, халықтың мұңын жалғап отырған.

 «Сарыарқа» газеті үшін Жүсіпбектің қолтаңбасы ерекше. Қоғамдық-саяси мәселені, халықтың үнін газет бетіне жариялаған. Халыққа қызметі жолында өзінің басын құрбандыққа шалған. Ұлтжанды публицистің «Сарыарқа» газетінде, әдебиетте болсын орасан зор қолтаңбасын қалдырды.