Азамат болу парызың!
блог
«Адам болу - қасиет, азамат болу - міндет, патриот болу – парыз»,-деп Бауыржан Момышұлы бекер айтпаған. Азамат-бұл жүрегі таза,пейілі ақ,өзін де өзгелерді де сыйлай білетін,елін,жерін қастерлейтін,адамгершілік қасиетті бәрінен жоғары бағалайын,өзгелерге үлгі бола білген,қысқаша айтқанда жан дүниесі өте бай адам. Азамат болу-әрбір адамның парызы екені айдан анық.Азаматпын,азамат деп айту оңай болғанымен осы адамзаттық қасиеттерді бойға сіңіру өте қиын.Адамзаттық құнды қасиеттерді бойына толық сіңірген адамдарды ғана азамат деп айтуға болады.Ал,адамзаттық қасиеттер ананың аппақ сүтімен,әкенің әрбір сөзінен келген тәрбиемен тікелей байланысты.
Адамгершілік қасиет-тәрбиеден бастау алады.Сол себептенде нағыз азаматтармен,азаматшаларды көбейту үшін тәрбиге,әсіресе бала тәрбиесіне баса назар аудару керек. Осы орайда «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің»,-деген мақалды айта кеткім келіп отыр.Неге? Баламды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеп,азамат жасамақшымын деп таяқтап,болмаса боқтаудың керегі жоқ.Барлық адам деп айтпаймын әрине,бірақ баланы тәрбиелеп жатырмын деп таяқтың астына алып,қан-жоса қылып сабайтын адамдар туралы көп естідім,тіпті бір талайын өз көзіммен көрдім десемде болады.Осындай тәрбиені көрген баладан қандай азамат шығады,бойына адамгершілік қасиеттерді жинамақ түгілі адам болып шығуы да қиын.Азамат болу мүмкіндігі жоқ деп айтпаймын,бірақ халық айтса қате айтпайтынында ұмытпаған жөн. Таяқпен берген тәрбие дұрыс тәрбие емес екенедігі бәріне белгілі.
Жанның азығы жақсы тәрбие,ал жақсы тәрбие азаматтықтың негізі.Азамат болу меніңде,сіздіңде,баршамыздыңда қасиетті борышымыз. Оның тамыры ұлт тарихында, ұлттың тілі мен ділінде жатыр.