• 450.77
  • 503.11
  • 4.87

Айқап журналының қоғамдық - саяси мәселелері

Айқап журналының қоғамдық - саяси мәселелері
жеке
блог

Айқап журналының алғашқы саны мың тоғыжүз он бірінші жылы Троицк қаласында жарық көрді.Айқап журналында көптеген мәселелер қозғалды,солардың бірі проблемелық яғни қоғамдық – саяси мәселелер.

Қоғамдық – саяси мәселелердің ең өзектісі жер дауы.Жалпы жер мәселесі емін – еркін өз қамдарымен мекен етіп отқан халықты үрейлендірген болатын. Бұл мәселе қарапайым халық үшін үлкен қайғы қасірет болып келді. Мәселеге қатысты адамдар Жиһанша Сейдалин, Спандияр Көбеев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин және тағы да басқа қазақ қоғамының көрнекті өкілдері болды.

«Айқап» журналында Қазақстандағы идеялық саяси ойдың аграрлық демократиялық ойларын білдірген мақалалар мың тоғыз жүз он бірінші және мың тоғыз жүз он бесінші жылдары жарық көрді.

Журналда аграрлық шаруашылық, ағарту және білім, ақша немесе тауар қарым – қатынастарын дамыту мәселелері қозғалды және бұны патшалықтың отаршылдық саясатына әшкерелеген болатын.

Тоқсан ауыз сөзімізді түйіндей келе, басылымның жиырмасыншы ғасырдың басында болған өзекті қоғамдық-саяси мәселелері түгел қамтылғанын анық айтамыз. Бұған жоғарыда көрсеткен мысалдарымыз дәлел бола алады. Осы арқылы «Айқап» журналы өзіндік ізін, өшпес тарихын қалдырды.

Аружан Онғарбева

Әл- Фараби атындағы

Қазақ Ұлттық Университетінің

студенті