Мұхаммеджан Сералин редактор. "Біздің дертіміз" мақаласы
жеке
блог

Мұхаммеджан Сералин редактор. "Біздің дертіміз" мақаласы

Мұхаммеджан Сералин санасы биік, ойы ұшқыр тұлға, өз заманында қазақ халқының мәңгі жадынан кетпейтіндей еңбек сіңірген ол — қазақ журналистикасының негізін қалап ғана қоймай, өлшеусіз еңбек қалдырған редактор, публицист.


Мұхаммеджан Сералин "Айқап" журналының негізін қалып ғана қоймай, " Инженер" атты бүркеншік атпен мақалалар жариялап отырған. Халық жадында ойлау қабілетінің жоғарлығымен һәм жеке тұлғалық принциптерімен мәңгі есте қалған.
Мұхаммеджан Сералинді қоғамда болып жатқан мәселелер қатты алаңдатқан . Солардың бірі де, бірегейі "Сайлау" деген сөздің халық арасына араздық салып, санпны улап, елді парақорлық белең алып жатқандығы туралы 1911 жылы " Айқап" журналының нөмірі үшінші басылымында "Біздің дертіміз" атты мақаласында айтып өткен.
Бұл мақалада ең әуелі қазақ халқының жаңа-жыл мейрамы "наурыз" тойын атап өтетіндігі, қалай тойлайтындығы жайлы мәліметтер беріп өтеді.
Әрмен қарай сол замандағы ең ауыр мәселелердің бірі отаршылдық мәселесі астарлы сөзбен жеткізіліп, халыққа үндеу тасталады.
Қырық жыл бойы халыққа кесел болып жабысқан сайлау партиясының дерті, ең әуелі болыстар мен бай шонжарларды қырғындай қырды. Халықтың мінез-құлқы мен ниет пиғылына вирустай еніп лезде таралып кетті. Дәл осы дүние автордың еліне деген жанашырлығы мен жеке тұлғалық пікірін толық ашып тұр.
Қорытынды бөлімінде астарлап айтқан "Көпті сөкпе, кенді төкпе" деген сөзінің өзінде терең мағына, терең ой жатыр.

Мадина Қали

Әл-Фараби атындағы

Қазақ Ұлттық Университетінің

студенті